Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде өткізілген семинар жайлы ақпарат
Семинар тақырыбы: Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері
Семинар мақсаты: Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндерді оқыту барысында инновациялық технологияларды тиімді қолдану, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, біліктілігін көтеру, шеберлік сыныбын көрсету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда оқытудың тиімді түрлері мен әдістерін іздеу, тәжірибе алмасу.
Бүгінгі дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында мектеп ұстаздары арасында семинар өткізілді. Семинарда мектеп психологы Турдахунова Айнур Қайроллаевна «Амандасу» тренингін жүргізіп, «Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Рахметова Асель Куанышовна баяндама жасады. Баяндама барысында оқытудың инновациялық әдістері мен жаңа технологияларды сабақта қалай қолдану қажет екенін ашып көрсетті және оның қолдануда оқушылардың қабілеттерін қалыптастыратыны, шығармашылыққа жетелейтіні жайлы атап өтті. Сонымен қатар өзінің сабақта қолданып жүрген баяндау әдісін ұстаздар арасында жүргізді. Бір мәтінді бірнеше адамға оқи отырып, әр адамның қабылдау қабілеттерінің әртүрлі екенін ашып көрсетті. Бұл әдіс оқушыларға жиі қолданатыны айтылды.
Сонымен қатар музыка пәнінен «Музыка сабағының басқа пәндермен байланысы» тақырыбында танымдық-ойын сайысы өткізілді. Бұл сайыста ұстаздар 3 топқа бөлінді. «Шабыт» тобы, «Жігер» тобы, «Болашақ» тобы қатысты. Әр топ сайыстың әр кезеңіне белсенді қатысты. Әр берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап отырды. Бұл танымдық ойын сайысында «Шабыт» тобы 1-орын, «Жігер» тобы 2-орын, «Болашақ» тобы 3- орынға ие болды.
Семинарды қорытындылау барысында мектеп директоры Мейрамова Гульсум Жумагалиевна, әр топтың ұстаздары өздерінің пікір, тілектерін айтты.
Қорытындылай келе технология, музыка, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, психология пәндері бойынша жаңа технология әдістерін шебер қолдана білді.