Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ. Әбдірахманұлы Қима орта мектебінің
әдістемелік жұмыс бойынша есебі
І тоқсан 2017-2018 оқу жылы
Мектептің жұмысы келесі тақырыпта жүргізіледі: Педагогтың жеке-кәсіби өсуін басқару арқылы білім сапасын арттыру.
Кадрлар құрамын нығайту бойынша қызмет – мектеп әкімшілігі жұмысының басты бағытының бірі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және мектеп Жарғысына сәйкес, педагогикалық ұжымды білім беру ұйымының басшысы қалыптастырады. Педагогикалық кадрларды жұмысқа қабылдау басшы мен педагогикалық қызметкердің өзара жасаған еңбек шарты негізінде жүзеге асады. Еңбек келісім шарты ҚР Еңбек кодексіне қайшылық келтірмейді.
Педагогикалық қызметкерлердің жалпы саны 2017-2018 оқу жылының басында 34 адамды құрады, яғни өткен жылдармен салыстырғанда қызметкерлер саны артты.
Соңғы 3 жылда жоғары санаттың саны азаюы мұғалімдердің зейнетке кетуіне байланысты және бір мұғалімнің басқа мектепке ауысуына. Санатсыз мұғалімдердің саны артыуы қатарға жас маман қосылуына байланысты. Жалпы мектепте 76,5% жоғары, бірінші, екінші санатты.
Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы
Гуманитарлық цикл пәндері ӘБ (жетекшісі Садвакасова Г. С.) 9 мұғалім жұмыс атқарады.
Қыркүйек айында аудандық шығармалар сайысына қазақ тілі және орыс тілінен оқушылар қатысты. Қазақ тілі бойынша Касымбекова Дильназ бен Шарапов Расул жүлдегер атанды, ал орыс тілінен Карина Алтын, Дінмұхамед жүлдегер атанды. Орыс тілінен лингвистикалық олимпиадаға екі оқушы қатысты. Ериков Қ.З. республикалық қашықтық сайыстан үшінші дәрежелі диплом алды. Жетінші сынып оқушы Ұланова Ақбота «Мектеп одессеясынан» қазақ тілінен қызыл сертификат әкелді. Варанкина Илона Байдиллаева Патима Кабылбековнаның жетекшілігімен ғылыми жоба жазуда. Махатова Ж.А. облыстық семинарға қатысып келді, Садвакасова Г.С. екі рет облыстық семинарға қатысып келді.
Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігіде (жетекшісі Жуманова С. Е.) 8 мұғалім. Бірінші санатты екі, екінші санатты үшеу, санатсыз үш мұғалім. 2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім мазмұны бойынша 1, 2-ші сыныптар білім алуда. Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды. 2017-2018 оқу жылынан бастап республика мектептері бес күндік оқуға көшті. Бес күндік аптаға арналған сабақ кестесі жасалды. Биылғы оқу жылында бір 1-ші сынып, бір 2-ші сынып, бір 3-ші сынып, екі 4-ші сыныптар оқиды. Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сыныпқа Жуманова Сауле Есеновна және жас маман Мұратқызы Мөлдір 2-ші сынып жетекшісі жұмыстарын бастап кетті. 2017-2018 оқу жылында бастауыш сыныптарда 82 оқушы бар. «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2017-2018 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес: Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1- 33 оқу аптасы 2-11 (12) - сыныптарда – 34 оқу аптасы.
29.08.2017 күні бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Осы отырыста 2017-2018 оқу жылының жоспарымен таныстырылды. 04.09.17ж. тақырыптық күнтізбелік жоспарлар тексеріліп бекітілді. Оқушылар оқулықтармен қамтылды.
«Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 3, 4 сыныптар оқушылары «Ақбота» атты марафонына қатысты. «Жас білімпаз» интернет олимпиадаға 4 "Ә" сыныбынан 3 оқушы қатысты: Жабагин Аман, Бекболат Назым, Жәңгір Айсұлу қатысты. КИО-ға бастауыш сынып мұғалімі Аширханова Б.К қатысты. 12.10.2017ж. «Қош келдің, Алтын күз!» атты қашықтықтан өткізілген республикалық байқауға 2 баланың жұмысы жіберілді: Жәңгір Айсұлу, « Күз мереке, күз береке» (шығарма), Бекболат Назым, «Аяулы күз, алтын күз» (өлең), нәтижелері белгісіз. 18.10.күні «Алтын күз» атты аудандық байқауға сыныптың (ұжыммен) табиғи материалдардан жасалған «Күзгі ой» атауымен қол бұйымын жасап жіберілді. Жуманова С.Е аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қазіргі оқыту барысында баланың тек үлгерімі ғана емес, оның дамыған тұлға ретінде көрінуі керек, ол мектепте алған білімін өмір бойы қолдана білу және қай орта болсын, соған бейімділік танытуы керек дейді қазіргі оқытып жатқан бағдарламада.
Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінде (жетекшісі Есенгулова Т. С.) 7 мұғалім жұмыс жасайды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі - 3, технология пәні мұғалімі – 2, музыка пәні мұғалімі - 1, өзін-өзі тану мұғалімі - 1. Мұғалімдердің санаты бойынша І санатта – 2, ІІ санатта - 4, санатсыз – 1. Биылғы жылы мектебімізге дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекмурат Нурсултан Ш.Уалиханов атындағы университеті бітіріп келді.
Қыркүйек айында әдістемелік бірлестіктің отырысы өткізіліп, әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлары бекітілді. Отырыста биылғы жылдың әдістемелік нұсқаулығымен таныстырылып, былтырғы жылдың қорытынды есебі талқыланды.
І тоқсан бойынша туризм күніне орай бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәні мұғалімі Аширханов Даулет Рамазанұлы өткізді. 5-6 сыныптар арасында эстафеталық жарыс, 7-8 сыныптар арасында баскетболдан жарыс, 9-11 сынып арасында жүгірістен жарысты дене шынықтыру пәні мұғалімдері Кусайын Елжас Айтанұлы мен Бекмұрат Нұрсұлтан өткізді.
13-23 қыркүйек аралығында тілдер апталығы жүргізіліп, апталықта дене шынықтыру пәні мұғалімдері тоғызқұмалақтан, асық атудан,арқан тартыс, қол жарыс ұлттық ойын түрлерін 5-11 сыныптар аралығында өткізді. «Ана тілін ардақтайық!» тақырыбында кітап көрмесі Есенгулова Т.С өткізді.
Аудандық «Жастар-2018» футбол жарысынан 2003 жылғы оқушылар арасында І орын, тоғызқұмалақ, асық ату, асық ойыны жарыстарынан оқушылар аудандық жарысқа қатысты. Аудандық «Театр ғажайып әлем» тақырыбында спектаклдік қойылым сайысына «Ұр, тоқпақ!» үйірмесі мүшелері белсене қатысқаны үшін мақтау грамотасымен, «Актерлік шеберлік» номинациясын мектебіміздің «Ұр, тоқпақ!» үйірме мүшесі 5 сынып оқушысы Әмірқаш Қалмұрат жеңіп алды. Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі І тоқсан жұмысын қорытындылады.
«Жас мұғалім» мектебінде (жетекшісі Макишева К. Д.) жыл басында жас мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындалды: бастауыш сынып мұғалімі Жаксиликова Ж. М. – бастауыш сынып мұғалімі Аширханова Б. К., тарих пәнінің мұғалімі Ериков К. З. – қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Байдилаева П. К., бастауыш сынып мұғалімі Мұратқызы М. – бастауыш сынып мұғалімі Макишева К. Д., химия және биология пәндері мұғалімі Аканова А. Р. – физика пәнінің мұғалімі Оразбаева Б. М. І тоқсан бойынша екі отырыс өткізілді. Өз-ара сабақтарға қатысып, талдау жұргізді. Тәлімгерлер мен жас мамандар күнделіктерін жүргізіп, жоспарға сәйкес жұмыс атқарады.
Публикациялар
Жаксиликова Ж. М. «Мәтін түрлері» сабағын http://akmol-orleu.kz/ сайтына жариялады. Абдуалиева К. Е. «Параллель түзулердің қасиеттері» сабағын, «Білгірлер сайысы» сыныптан тыс сағатын №5(7) (қыркүйек-қазан 2017 ж.) республикалық ғылыми-әдістемелік «Просвещение» журналына жариялады.
Сайыстар, байқаулар
09-16.10.2017 аралығында Абдуалиева К. Е. «Ең үздік сыныптан тыс іс-шара» байқауында «Интеллектуалды марафон» жұмысымен І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Жас іздемпаздар» ОҒҚ (жетекшісі Абдуалиева К. Е.) жоспарға сәйкес екі отырыс өткізілді. Жыл басында олимпиадалық резер мектебінің мүшелері анықталды. Бүнда 40 оқушы: 4-сыныпта 8, математика 9, орыс тілі 3, ағылшын тілі 6, қазақ тілі 4, тарих 1, физика 1, биология 2, химия 1, география 4 пәндерінің мұғалімдері олимпиадаға дайындық жұмыстарын жоспарлап жүргізеді. Ғылыми жобалар мектебінде 20 жұмыс тіркелген.
Аудандық «Туған жерім» шығармалар сайысының жеңімпаздары: қазақ тілінен Шарапов Расул (5 сынып), Касымбекова Дильназ (7 сынып) (мұғалімі Садвакасова Г. С.), орыс тілінен Ахметова Камилла (6 сынып), Мұқан Діңмұхаммед (7 сынып), Бекмұрат Нұрболат (11 сынып).
Облыстық президенттік олимпиадаға 11-сынып оқушысы Бекмұрат Нұрболат қатысты.
Облыстық лингвистикалық олимпиадаға Дулатова Карина (8 сынып), Нұрлан Нұрбек (9-сынып) қатысып, ІІІ жүлделі орындарға ие болды.
Облыстық ғылыми-шығармашылық «Тіл дарын» өзге ұлт өкілдері арасындағы байқауына Варанкина Илона (Байдиллаева П. К.) «Менің ауылымның тарихы» жұмысымен қатысуға дайындықта.
Қазақстандық интернет-олимпиада бойынша мектеп оқушылары командалық І және ІІ ойынға қатысты. География пәнінен Уалханов Н. Б., ағылшын тілінен Варанкин Е. Ю., Қазақстан тарихы пәнінен Ериков К. З., Уалханов Н. Б., бастауыш сынып мұғалімі Аширханова Б. К. қатысты.
4-5 сынып оқушылары арасындағы «Жас білімпаз» сайысына Жабаган Аман, Көпжасар Аяжан, Жолдыбаева Динара, Жабагин Аман, Бекболат Назым, Жәңгір Айсулу, Жабагин Аман, Капан Алтын қатысты.
География пәнінен КИО 10-сынып оқушысы Серикпаева Сымбат,9-сынып Топаева Гульнур, Блиспекова Перизат, Жаналиев Ерсайын.
«Ақбота» интеллектуалды марафонына мектептің 32, «Русский медвежонок» байқауына 19 оқушы қатысуға өтініш білдірді.
Виртуалды мектебіне былтырғы оқу жылының қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары Рамазан Мадина, Ахметова Камила, Кокешева Диана, Ибрашева Жасмина тіркелген. Биылғы жылы жіберілген тапсырмаларды орындап жатыр. Пән мұғалімдері Сулеймэн Е., Варанкин Е. Ю., Самурат Н., Садвакасова Г. С., Махатова Ж. А. оқушылармен дайындық жұмысын жүргізуде.
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары К. Е. Абдуалиева