«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы мектеп лигасының фестивалі «Көңілділер мен тапқырлар клубы»

14.11.2017

Жақсы мектеп лигасының фестивалі

«Көңілділер мен тапқырлар клубы»

«Көңілділер мен тапқырлар клубы» лигасы, мектепаралық сайысы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту және балалар қозғалысын қолдау мақсатында өткізіледі. Клубтың мақсаты - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру болып табылады.

Биылғы жылы да Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің КТК мектеп лигасы дәстүрге айналған ойынға дайындалып қатысты. Сайыста «Рухани жаңғыру» және «Мәңгілік ел» бағдарламасының жүзеге асуын «Сәлемдесу» бөлімінде ашып көрсетулері шарт болған. Мектеп командасының атауы – «Бригада». Мектеп команда құрамы, техникалық қызметкер мен команда жетекшісін қосқанда 8 адам болды.

Команданың өнер көрсетуі мәдениетті сахналық деңгейі, жанрлардың көптүрлілігі, актер шеберлігі шарттарына сәйкес болды.

Ерекше атап өтетін команда мүшесі - Куанышбаев Санжар «КТК» әнін рэп түрінде оқып, көрермендерің көңілінен шықты.

Әділқазылар алқасы актерлік шеберлігі үшін Нұрлан Нұрбекті атап өтті.

Қорытындылай келе, 13 мектептің ішінен 10 мектеп «Рухани жаңғыру» және «Мәңгілік ел» тақырыптарын ашты. Және де бұл 10 мектеп іріктеуден өтіп Жақсы мектеп лигасының КТК 2017/2018 ж. ойынына қатысуға шақыру алды.

Мектеп «Бригада» КТК командасының ойыншылары шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейін үнемі көтеріп жүріңдер! Әрдайым биік шыңдардан көріне беріңдер!

Просмотров: 361


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст