«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

11.11.2017

11- сыныпқа арналған тест тапсырмалары

1 Үндi дауыссыздар қатарын табыңыз.

А) з,қ,к,л,м

B) а,о,ы,i,у

C) л,м,н,й,у

D) п,б,т,с,ш

Е) д,г,ғ,з,в

2 Дыбыстық өзгерiске ұшырап бiрiккен сөздi көрсетiңiз.

А) Алатау

B) Жаңатас

C) Бүгiн

D) Сезiмтал

Е) Екiбастұз

3 Синоним сөздердiң тiзбегiн табыңыз.

А) Нәрсе, киiм

B) Теңдiк, құлдық

C) Салқын, ыстық

D) Халық, ел

Е) Тарих, қоғам

4 Омоним болатын сөз қайсы?

А) Бүкiл

B) Анда-санда

C) Қыс

D) Жеңеше

Е) әрине

5 Сiлтеу есiмдiгiн табыңыз.

А) Он, алтау, бесеу

B) Тақ, жүз, оқы

C) Үйде, кеште, ерте

D) Анау, мынада, осы

Е) Бүгiн, ертең, кеше

6 Септеулiк шылаумен байланысып тұрған тiркестi көрсетiңiз.

А) Жиналыстан кейiн

B) Қазбектiң жоспары

C) Қамысты көл

D) Туыс адам

Е) Орта мектеп

7 Негiзгi сын есiмдi көрсетiңiз.

А) Ақылды, арлы

B) Жазған, оқыр

C) Ана, мына

D) Белсендi, еңбекқор

Е) Ақ, қоңыр

8 Бiтеу буыннан тұратын сөздер қатарын табыңыз.

А) Ақ, ар, кiлт

B) Тазала, оқы, ата

C) Заң, мең, жоқ

D) Ас, қал, жақ

Е) Д.ж.ж.

9 Антоним кездесетiн сөйлемдi көрсетiңiз.

А) Ақ қағазды ермек қылайын

B) Адамды заман билейдi.

C) Ырыс алды ынтымақ

D) Жақсы мен жаманның арасы жер мен көктей

Е) д.ж.ж.

10 Омоним сөздер қатарын табыңыз.

А) Тартпа, көршi, бөлме

B) Табиғат, тау, дала

C) Қант, май, шай

D) Кел, ал, бер

Е) д.ж.ж.

11 Еркiн сөз тiркесiн көрсетiңiз.

А) Су жүрек

B) Қас пен көздiң арасы

C) Тас бауыр

D) Төбе шашы тiк тұрды

Е) Түйме қадау

12 “Ө” дыбысы қай сөздерге қоюға болады?

А) М...дени, к...ciп

B) К...ркем, б...лме

C) Б...гiн, т...cтiм

D) Б...йшаң, б...лдық

Е) Ыст..қ, қ...ызмет

13 Үндестiк заңына бағынбай тұрған сөздi көрсетiңiз.

А) Қонақжай

B) Ақылды

C) Бөлме

D) өнерпаз

Е) Балалар

14 Тәуелдiк тұлғадағы есiмдiктер қатарын көрсетiңiз.

А) Ауылым, жаным, жасым

B) әкесi, ағасы, үйi

C) әркiм, бiреу, ешкiм

D) Менiкi, сенiкi, сiздiкi

Е) д.ж.ж.

15 Қай қатардағы сөздер үндестiк заңына бағынбайды?

А) Қазақтар, татарлар

В) Апарады, танысу

С) Есiмiм, әсем

D) Дүйсенбiде, жұманың

Е) Еңбекқор, кiтапты

16 Қай дауыссыз дыбыс сөздiң cоңында кездеспейдi?

А) П

В) Қ

С) С

D) Ғ

Е) д.ж.ж.

17 Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетiңiз.

А) ә, ө, у, и

В) ы, ұ, ү, а

С) о, i, е, у

D) о, ұ, а, ы

Е) о, а, ү, у

19 Түбiр сөздер тобын табыңыз.

А) доcтық, ғылыми, бөлiмде

В) сары, жүрек, борыш

С) аударған, оған, бiлiктi

D) тiлегiм, сезiм, көңiлi

Е) д.ж.ж.

20 Жiктеу есiмдiктерi қатарын белгiлеңiз.

А) ешкiм, мынау, соған, мынаған

В) барлық, осы, ешқашан, мынау

С) бiздiкi, менде, сенiң, оларға

D) түгел, бұны, соның, барша

Е) д.ж.ж.

21 Тәуелдiк жалғаулы сөздер қатарын белгiлеңiз.

А) бiлiм, ғалым, ғылым

В) әлем, сөйлем, сәлем

С) жаным, қалам, ойым

D) жүзiм, әсем, киiм

Е) д.ж.ж.

22 Көп нүктенiң орнына қажеттi септеулiк шылауды қойыңыз.

Сенбi күнi университеттiң кiтапханасы сағат үшке ... жұмыс iстейдi.

А) туралы

В) дейiн

С) cайын

D) кейiн

Е) д.ж.ж..

23 2 түбiрден жасалған сөздi көрсетiңiз.

А) өнерiмен

В) өнерлi

С) өнерпаз

D) өнеркәciп

Е) д.ж.ж.

24 Дыбыстардың алмасуы (кейiндi ықпал) қай сөз тiркесiнде?

А) қазақ елi

В) ауданның жерi

С) бiздiң сабағымыз

D) Павлодар өлкесi

Е) д.ж.ж.

25 Тұрақты сөз тiркесi қай қатарда?

А) Ақ бата

В) Жаңа ағым

С) Ақ қар

D) Жаңа зат

Е) д.ж.ж.

Просмотров: 1190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст