Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
9.10 – 20.10.17ж аралығында мен Көкшетау қаласына өзін-өзі тану пәнінен курсқа барып келдім. Бұл курстың тақырыбы: «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері». Мақсаты: өзін-өзі тану пәні арқылы адамның өзін тануына, ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда адам деген атқа лайық болуына ықпал ету.
Қазіргі таңда білім беру мен тәрбие жүйесін қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселелері өзекті болып отыр. Осы орайда, білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ізгілендіру басты бағыт болып жалғасын табуда. Аталған мәселеде «Өзін-өзі тану» пәні маңызды роль атқаруда. «Өзін-өзі тану» пәні мектептік басқа пәндерден ерекшеленеді, өйткені ол қоршаған орта туралы емес, ол адам туралы пән. Адам болып өмірге келу аз, сол адамға лайық өмір сүру қажет. Бүгінгі таңда еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын асқақ жетістіктерімен аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет бұрып отырғандықтан еліміздің білім беру жүйесін де бүкіл әлемдік білім талаптарына сәйкес болуы тиіс. Ал бүкіл әлемдік білім кеңістігінде адам мүмкіншілігінің шексіздігін, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен еркін бостандығын мойындау, абыройын қорғау және адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен сұраныстарын қамтамасыз ету негізгі мақсаттардың бірі. Сондықтан біздің білім жүйесі тек қана академиялық білім беруге ғана құрылмай, адамдар арасындағы қарым-қатынастың сүйіспеншілікке негізделуі, олардың ар-намысын, абыройын, ұжданын құрметтеу,адамгершілік тұрғыда қамқорлық жасау, қадірлеуге үйретуге бағытталуы тиіс.
Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, еліне, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!