Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Екі апталық тренерлік оқудың маңызы
Әлем жылдам өзгеруде. Әлемнің жылдам өзгеру қарқынымен мектеп ұстаздары да білім деңгейлерін көтеруде.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. «Назарбаев Зияткерлік мектебтері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген 23.10-03.11.17ж аралығында «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы тақырыбында мектеп тренерлеріне арналған курсында оқып, мен өзімнің кәсіби деңгейімді көтердім. Осы оқу барысында рефлексия арқылы, әр мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін анықтады, кедергі болған факторларды анықтады, талдау жасады. Барлық ресурстардың бар екендігіне көз жеткізді. Мысалы: «Кинометафора» әдісі Бұл әдістің өзі танымдық ерекшеліктеріне, сыни ойлауларына әсер етеді. Тыңдаушылар арасында түрлі идеялар тудырады, топтың күш-қуатын көтереді, қызықтырады. Осы әдісті алгоритмге сай дұрыс қолдану оқушылар ортасында да оқуға жаңаша леп туғызады, тіпті ата-аналар жиналыстарында, педкеңесте өмірден алынған түрлі киноүзінділер сол мерзімді уақытта маңызды мәліметтер береді. Осы әдіс арқылы әріптестерге нақты оқушыға қандай білім беретініңізді, нақты мақсаттар туралы ойлану керектігін түсіндім. Курс барысында өткізілген материалдардың бәрі мен үшін құнды болды. Мен үшін осы құрылған 25 сабақтың жоспарының ықпалы зор болды.
Жоғарыда айтылғандай, әр тренингтегі қызу талқылау, сыни ойлау, нық шешім мұғалімдерді бірлескен іс-әрекетке жетелері, шығармашылық ізденістеріне өз өрнегін қалдырары сөзсіз. Кері байланыстың әсерінен іс-қимылдары жақсарып, көшбасшы ретінде келешектегі сыныпты басқару тәжірибесіне негіз салады деп айтуға болады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Макишева К.Д