«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Физика пәнінен зертханалық жұмыс

08.11.2017

Жаңартылған бағдарлама бойынша 7-ші сыныпта физика пәнінен өткізілген зертханалық жұмыстың нәтижесі

Физиканы оқыту оқушылардың алған теориялық білімдерін зертханалық жұмыстар жасау арқылы тәжірибеде қолдана білуге дағдыландырады.

Зертханалық жұмыс әрбір оқушы физикалық аспап немесе құрылғыны пайдаланып тәжірибе жасайтын физикалық оқу экспериментін ұйымдастыру сабағы болып табылады. Зертханалық жұмыс жасау арқылы оқушылар тәжірибелік танымның құралы ретіндегі физикалық құрылғыларды пайдалануды, эксперименттік техника құралдарымен танысып, логикалық ойлау дағдыларын дамытады, өзін-өзі реттеуге, басқаруға үйренеді.

«Физикалық шамаларды өлшеу» атты зертханалық жұмысқа - 22 оқушы қатысты, жұмыс екі тапсырмадан тұрды. Сынып оқушылары үлкен белсенділікпен жұмысқа кірісіп, жұп болып ақылдасып, жұмысты толығымен орындап шықты. Әр оқушыны баллдар бойынша бағалай отырып, баллдық жүйені бағаға айналдырғанда «5»-ке 11 оқушы, «4»-ке 10 оқушы,

«3» ке – 1оқушы бағаланды.

Оразбаева Б.М. физика пәнінің мұғалімі

Просмотров: 455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст