«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалім-ата-ана-бала арасындағы қарым-қатынас

26.10.2017

"Мұғалім-ата-ана-бала арасындағы қарым-қатынас" тренинг

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 20 қазан күні 5 сынып ата-аналарымен «Мұғалім-ата-ана-бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізілді және ата-аналардан «Сіз қандай ата-анасыз?» атты сауалнама алынды. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу, сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау, отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу. 

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Әрбір жағдайдан шығудың, оны түзетудің жолдарын табуы қажет. Ата-аналар ортасындағы арақатынасты одан әрі нығайтуға негіз боларлықтай тартымды да қызықты іс-шаралар өткізіліп отырған дұрыс. Отырыстар мен тренигтер ата-аналармен мектеп арасындағы алшақтықты жақындатар ең төте жол боларын нағыз нық сеніммен айта аламын.

Қорытындылай келе, тәрбие үрдісінің бір тарауы aта-аналармен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір балаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан – жақты дамуына ата-ана, мектептің жағдай жасауы болып табылады. Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Жоғарыдағы айтылған баланы оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері және түрлері ата-аналармен мұғалімдерге  пайдасы тиер деғен ойдамын. Бала, ата – ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана табысты нәтежеге қол жеткізе аламыз.

Педагог-психолог: Турдахунова А.Қ.

Просмотров: 1419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст