Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Тұрақтылық – рухани жаңғыру кепілі
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасымыз жыл басындағы халыққа жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталатынын жариялаған болатын.
Мемлекетіміздің басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу деп атап өткен болатын. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыру тиіс.
Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер болсақ;
- Бәсекелестік қабілет,
- Прагматизм,
- Ұлттық бірегейлікті сақтау,
- Білімнің салтанат құруы,
- Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы,
- Сананың ашықтығы.
Қоғамның сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыру мақсатында мектебіміздің кітапханасында елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқушыларға насихаттау барысында кітап көрмесі өткізілді.
Кітап көрмесінде елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 5-11 сынып оқушыларына насихатталды. Насихаттау барысында Н.Ә.Назарбаевтың көптеген кітаптары мен шығармалары оқушылар назарына ұсынылды. Стенд жасалды.
Қойылған әдеби кітаптар тізімі:
1. Еліне елеулі елбасы,
2. Қазақстанның даму стратегиялары,
3. Мәңгілік ел,
4. Нұрлы жол,
5. Н.Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан Еуразиялық жобасы,
6. Елбасы Н.Ә.Назарбаев,
7. Менің Отаным – Қазақстан,
Н.Ә.Назарьаевтың Егемен Қазақстан, Білімді ел, Білім айнасы, Жақсы жаршысы газеттерінде шыққан мақаласы қойылды.
Оқушылар кітап көрмесінен кейін өз пікірлерін ортаға салды. Қазақстанды өркендету, рухани жаңғырту, өз ұлтының патриоты екенін атап көрсете білді.
Есенгулова Т.С.