Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Латын әліпбиіне көшу –заман талабы
2012 жылы «Қазақстан – 2050» стратегиясын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде алғаш рет
кирил қарпіне негізделген қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне
көшіру мәселесін ортаға салған еді. Латын әліпбиі – әлемде кеңінен тараған әліпбилердің
бірі. Өз бастауын ежелгі Грекия және Рим елдерінен алып, бүгінгі таңға дейін
жалғасып,өркендеуде.
Сондықтан бұл бастаманы орынды, жұртымыздың сана сезімін арттыратын және болашағы
зор шешім деп санаймын. Әлемнің әр тарабына тарыдай шашылған қазақ диаспорасы
жаңа латын әліпбиін қолдану арқылы ұлттық бірлікке жете алады. Қазіргі таңда әлем
халықтарының ішінде латын алфавитін пайдаланатын халықтар саны 1,5-2
миллиардқа жуық.
Бұл ел ертеңі үшін
болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан
Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған, ұлт
тірегі-ана тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми мәнді шара деп білеміз.
Латын әліпбиін қабылдау бүгінде жеке елдердің шеңберінен шығып, халықаралық
деңгейге көтерілді. Ендігі жерде бұл мәселені сөз жүзінде емес, іс жүзінде қолға
алғанымыз өте орынды болар еді.
Қазіргі таңда
латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор
екендігін танытып отыр. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны
байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары,
көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен
байланысты екенін байқауға болады. Латын қарпіне көшу – тілдік тұтастығымызға,
оны сақтауымызға, тіліміздің өзінің жаңаша бір жаңғыруына жол ашары сөзсіз.
Біз,мұғалімдер қауымы, білім саласында қандай жаңалық, тиімді өзгерістер болса қашанда
ұрпақ келешегі үшін қолдау көрсетіп, іліп әкетуге дайынбыз.
Садвакасова Г.С.,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі