Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Жаңалыққа негізделген жоба
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша оқу басталысымен бірталай іс-шаралар өткізілуде. Бүгін мектебімізде өте көлемді де көрікті іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның тақырыбы «Батырлар туған бақ мекен» атты форум. Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайдан келіп өткізілген форумды осы мұражайдың директоры Құдайберді Мырзабек мырза мен оның қасындағы көмекшілері жүргізді. Ауданнан келген өкіліміз Балтабекова Мөлдір Балғабекқызы форумды ашып, келген қонақтармен таныстырды. Бұл форумға Баубек атамыздың бесінші ұрпақтары қонақ ретінде шақырылса, ауылдағы мектептерден 9-11 сынып окушылары өз ұстаздарымен және өз мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Форумды Құдайберді Мырзабек мырза өз сөзімен бастап, Мәлік Ғабдуллин атамыздың өмір жолы, ерен еңбегі, соғыстағы ерліктері жайлы баяндады.Мәлік Ғабдуллин атамыздың елге істеген еңбектерінің бірқаншасын санамалап, нақтылап айтып өтті. Елі үшін еңіреген азаматтың ұлы істерін жас ұрпаққа насихаттады.Аягөз Мұратқызы Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражаймен оған қойылған естеліктер жайлы түсінік беріп, әр суреттің мәнін қойылу себебін айтып өтті.. Смагулов Мажит ағамыз да өз білгендерін ортаға салып, Баубек атамыздың зиратына Ресейдің Тюмень облысына барғаны, ондағы қазақтардың бұл зиратты қадір тұтатыны жайлы өте қызықты әңгімелер айтып берді. Мәлік Ғабдуллин атамыздың өмір жолын кинофилмь ретінде көрсетті. Бұл филимьді оқушылар үлкен қызығушылықпен көрді. Құдайберді Мырзабек ағамыздың өз сөзіне жазылған «Көрікті көш» атты клипі оқушылармен ұстаздарды бір серпілтіп тастады. Өлеңнің мағынасы терең де тартымдылығы көрермендерді баурап алды.Оқушылар мен ұстаздардың көз алдына қазақтың көші, ұлттық киімдегі ұл мен қыз, ата-мен әжелер, киіз үйдің құрылуы, маңыраған мал, қыз қуу, ат үстінде тұрып орамал алу, сияқты ұлттық құндылықтарымыздың зор үлгісін өз көздерімен көрді. Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Есенгулова Тоғжан Сейіткерейқызы дайындаған шағын концерттік нөмір де көрермендерді ң ыстық ықыласын оятты. Өйткені, осы форумда ән шырқаған Дәрменова Гулназ, Блиспекова Перизат, Тапаева Айсұлудың айтқан әндері оқушыларды отанын сүюге, құрметтеуге арналған әндер болды. Форум соңында Смагулова Алтын Ошақбайқызы сөз алып, біздің мектебіміз жайлы жылы сөз, ыстық лебізін жеткізді. Осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен әрі қарай өз жұмысымызды жалғастырып, елбасының бастамасын биікке көтеріп, жас ұрпаққа жеткізе берейік.