«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

28.09.2017

Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

Қазіргі таңда тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктетіп, тұғырына қондыру әр азаматтың және әр оқу орнының міндеті. Соған орай мектебімізде тіл мерекесіне арналған апталық өткізілді. Апталықтың ашылуы, кітап көрмесі, мәнерлеп оқу мен шығармалар сайысы өткізіліп, апталықтың жабылуы үздік қатысқан оқушылар алғыс хаттар мен мадақтау қағаздарымен марапатталды. Осыған орай, ауылымыздағы кітапхана мамандары да мектепке келіп, оқушылармен бірге «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыппен өте қызықты кеш өткізді. Бұл кештің мақсаты – оқушылардың тілге, елге, отанға деген ыстық ықыластарын ояту, тілді құрметтеу, өзара қарым-қатынасты жақсарту мен бірін-бірі сыйлау болды. Екі кісі екі жүргізуші, екі тілде оқушыларға қызықты сұрақтар қойып, тіптен мақал-мәтелдерді екі тілде айтқызды. Біздің елімізде тілдің алатын орны, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті екендігін көрсетті. Оқушылар қазақша, немісше, французша, испанша, украинша, ағылшынша амандасуды үйренді.

Жүргізушілер: Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным- деп жырласа,

Екінші жүргізуші: Родной язык!

Он с детства мне знаком,

На нем впервые я сказала «мама»,

На нем клялась я в верности упрямой,

И каждый вздох понятен мне на нем – деп жыр шашуларын арнады. Оқушылар да өз жаттаған тіл туралы өлеңдерін оларға айтып берді.

Кеш өте қызықты өтті.

Кешті жүргізуші :

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін – деп аяқтады. Тіл – біздің қатынас құралымыз, оны сақтау, ардақтау әр азаматтың борышы. Тілімізді құрметтейік, оны көкке көтерейік, тіліміз мәңгі жасасын!

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст