Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау, мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағадарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету, оқу үдірісіне талдау жүргізу үшін жиынтық бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Бөлім ( ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде еркерілетін балл қойылады
Бөлім ( ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқу бағдарламасы мазмұнын білуі, дағдысы түсінуі туралы дәлелдерді ұсына отырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі.
Жиынтық бағалау ойлау дағдыларының әр түрлі деңгейін, соның ішінде жоғары ойлау деңгей дағдыларын: талдау , жинақтау, бағалауды тексеретін түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет.
Мұғалімдерге арналған критериалды бақылаудың нұсқаулығында жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдері (бөлім /ортақ тақырыптар бойынша тоқсандық), нәтижелерді талдау, тоқсандық жинақтау, бағалауды модерациялау үдерісін ұйымдастыру, өткізу туралы сипатталған.
физика пәнінің мұғалімі: Оразбаева Б. М.