«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа форматты мұғалім

18.09.2017

Жаңа форматты мұғалім

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың сауалы: “нені оқыту, қалай оқыту” күн өткен сайын күрделеніп келеді. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” мәселесін өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы тиіс.

-озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;

-өз білімін жетілдіру негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету,

-оқушылардың маңызды мәселелерді өздері талдап,қорытындылауына жол ашу;

“Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, “қалай оқыту керек?” сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек.

Бүгінгі күні мектептеріміз соңғы үлгідегі мультимедиа кабинеттерімен, интерактивті тақталармен жабдықталуда, мұғалімдер компьютер, электрондық оқулықтар арқылы сабақ жүргізуге мүмкіндік алды. Бұл мұғалімнің ақпараттық құзырлылығын – яғни оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдана білуге жол ашты.

Ақпараттық технологияны қолданып интерактивті сабақ өткізу мұғалімге не береді?- деген сұрақ туындайды. Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді.

1. Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады

2. Білім сапасын арттыра алады

3. Оқушының білімін кез келген уақытта бағалай алады

Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады. Оқуға деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

Қорытындылай келе, педагогтік шеберлік үйрену ізденудің жемісі нәтижесі деп түйіндеуге болады. Сондықтан да педагогтер қатарында әдістемелік-ақпараттық, инновациялық-коммуникациялық мәселелерді шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын мамандардың болуы – замануи білім беру сұраныстарының бірі. Мәңгілік Елдің жаңа форматты мұғалім оқу үдерісіндегі барды бағалап, жоқты жасай білген еліміздің көк байрағын әрдайым биікте желбірете беруіне өз үлесін қоса берсін.

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы

Қима орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Сулеймэн Е.

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст