«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыстың көңілді күндері

26.07.2017

Жазғы демалыс – қызыққа, шаттыққа толы кезеңнің бірі. Сондықтан оқушылар жазғы демалысты асыға күтеді. Осыған орай мектебіміз оқушылардың жазғы демалысын қызықты, танымды ең бастысы – денсаулықтарын нығайтуға, таным белсенділіктерін арттыруға, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуге аса назар аударады. Осы мақсаттарды алға қоя отыра, жазғы демалысты қызықты да пайдалы өткізуге атсаласып, әр салада жұмыстар жүргізіледі.

1-6 сынып оқушылары «Жұлдыз» мектеп жанындағы лагеріне қатысып, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді.

Лагерьдің негізгі мақсаттары:

1. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегін нығайуына, түрлі қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

2. Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру;

3. Азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

5-8 сынып оқушылары арнайы график бойынша көгалдандыру бригадасына қатысып, мектеп учаскесінде еңбектеніп, өз үлестерін қосуда.

5-10 сыныптар арасынан 11 оқушы «Юность» сауықтыру лагерінде демалып, денсаулықтарын түзетіп, көңілді демалып келді.

Заман талабына сай мектеп жанында үштілдік лагері ұйымдастырылып, 10 оқушы қызығушылықпен қатысып, білімдерін кеңейтті.

Аудандық «Березка» лагерінде 12 оқушы демалса, алдағы уақытта 8 оқушы демалуға жоспарлануда.

Сонымен қатар, 3-шілде күні мектептің 35 оқушысы «ЕХРО - 2017» халықаралық көрмесіне қатысып, ерекше сезімге бөленіп, өте жақсы демалды. Келешек энергиясының жаңалықтарымен, әр елдің тарихы мен заманауи технологияларымен танысты. Осындай керемет, естен шықпас аса маңызды шара, өскелең ұрпақ есінен кетпейтіні анық.

Просмотров: 437


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст