«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балдәуреннің» балдай тәтті күндері-ай...

26.07.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Қуанышпаев Санжар 1-12 шілде аралығында Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды.

Мемлекетіміздің түпкір-түпкірінен жиналған оқушылар бірнеше жылдар бойы жақсы оқып, мектептің қоғамдық өмірінде белсене қатысып, елінің, жерінің болашағы жарқын болу үшін ат салысып келе жатқан жас ұрпақтың еңбегі еленіп, үлкен сыйға ие болды. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алып, мұнда 12 жұлдызды күн өткізді. Соның ішінде біздің Санжар да белсенді қатысып, мадақтамаларға ие болды.

Санжардың айтуы бойынша, орталықтың ұжымы балаларға психологиялық климат туғызып, әр баланың толыққанды қоғамға қажетті азамат екендігін сезінуге жағдай жасады.

«Балдәуреннің» маңыздылығын тұтастай түсініп, айтып жеткізу қиын. Балалар үшін – бұл өз құрбыларының арасында қызықты оқиғаларға және әртүрлі мейрамдарға, байқауларға толы күндер.

«Балдәурен» орталық базасында халықаралық олимпиадалар, республикалық семинарлар, конференциялар және тренингтер өткізіледі.

Бүгінде «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жасөспірімдерге білім мен тәрбие беру институты және әртүрлі шығармашылық, интеллектуалдық, сауықтыру түріндегі іс-шараларды ұсыну орталығы. Осы жерде балалар мен жасөспірімдердің толыққанды белсенді демалуына барлық жағдай жасалған. Салауатты өмір салтын сақтау, үнемі табиғатпен күнделікті қарым-қатынаста болу мүмкіндігі, әлеуметтік өмірге бейімделу, ұжымда өзін-өзі мәдениетті ұстау, олардың ішкі жан дүниесін ашуларына мүмкіндік берілген.

Мінекей, Санжардың жақсы демалып келгеніне достары, туған-туыстары мен ұстаздары да өте қуанышты. Келешекте де осындай марапаттауларға ие болып, биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз!

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст