«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Критериалды бағалау жүйесін енгізуге қатысты 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша есебі

27.06.2017

 Қосымша -1

 

Критериалды бағалау жүйесін енгізуге қатысты 2016-2017 оқу жылының қорытындысы

бойынша есебі

 

 

Сұрақ

Мәтіндік,

есептік ақпарат

1-5 шәкілдің біреуімен жұмыстың

орындалуын деңгейін бағалаңыз

1

Критериалды бағалау жүйесі

бойынша нормативтік құжаттарға қатысты қандай түсіндіру

жұмыстары жүргізілді?

2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім

беру мазмұны аясында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын

білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау

өткізудің тәртібі туралы нұсқаулықтың жалпы ережелері, қалыптастырушы, жиынтық

бағалауды өткізу тәртіптері туралы 1-ші сынып мұғалімдерімен жеке жұмыстар өткізіліп,

бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырыстарында критериалды

бағалау бойынша сұрақтар қарастырылды, ата-аналар жиналысы өткізілді.

Материалдары мектеп сайтына қыркүйек,қазан айларында жарияланды. Ұйымдастырушылық-

басқарушылық жұмыстар жоспары бекітіліп, мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай

жасалды.  «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық

шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін

мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша өткізілген

мектепішілік курста да осы тақырып бойынша тренерлер  пән мұғалімдеріне толық мағлұмат берді.

4

2

 Мектепте қалыптастырушы бағалауды енгізу мен

қолданудың

пайдалы жақтары мен қиындықтары

қандай?

 

Пайдалы жақтары:білім

алушылардың өзін-өзі жетілдіріп отыруына жағдайды мұғалім ғана емес,

ата-анасы да жасайды, қолжетімді, балалар еркіндікті сезінеді, білім алуға

талпынады, қорқыныш сезімі балалар бойынан байқалмайды. Бұл  білім алушылардың 85 пайызына қатысты.

 

Қиындықтары: оқушылар

үшін жабдықталған кабинеттер жоқ, 

арнайы журналдардың болмауы,критериалды бағалау принциптеріне

негізделген есептер үлгісінің болмауы, теориялық негіз болғанымен, іс жүзінде

сол деңгейде жұмыстың сапасының төмендігі. Қалыптастырушы бағалау кезеңінде   кейбір білім алушылардың психологиялық

ерекшеліктеріне байланысты кері байланысты орнату мүмкіндігі төмен болғандықтан,оң

нәтижеге жете алмадық. Сол , 25 пайыз оқушылардың көрсеткіші төмен.

Ата-аналар көзқарасын 9 ай көлемінде өзгерту мүмкін емес.

3

3

 Ата-аналармен қандай түсіндіру жұмыстары жүргізілді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диалог орнатылды: бағалау құралдары,әдістері,түрлері

туралы ақпарат беріліп, сұрақтарға жауапты дер кезінде алып отырды. Тренинг өткізілді,

материалдары мектептік сайтта жарияланды. Психолог Турдахунова А.К.

ата-аналармен, оқушылармен жоспар бойынша жұмыс жүргізді. 1-ші сынып мұғалімдері

күнделікті сабақтардан кейін әр баланың ата-анасымен баланың пәндерден

жіберген қателеріне байланысты жұмыстар жүргізіп, түзетуге арналған

тапсырмаларын беріп отырды.  Білім

алушылардың мүмкіндіктері анықталды, қиыншылықтары табылғанымен , 100 пайыз нәтижеге

жеткен жоқпыз, бірақ оқу үдерісін түзетуге 

мүмкіндік болды. Бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін

жоспарлау, рефлексия жасау, өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолдануда.

4

4

Білім алушылар арасында

қандай түсіндіру жұмыстары жүргізілді?

Білім алушылар үшін қандай

жеке қолдау көрсету жұмыстары ұйымдастырылды?

Пайдалы жақтары мен қиындықтары

қандай?

 

 

1-ші сынып оқушыларына қарапайым тілмен

түсіндіру жұмыстары жүргізілді: терминдерге анықтама берілді, критериалды бағалау

жүйесін енгізудің мақсаты айтылды. Оқу мақсаттарын орындауда дискрипторлардың

маңызы туралы  айтылды, көрсетілді, түсіндірілді.Мысалдармен

пысықталды. Оқу мазмұнының меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге берілетін мүмкіндік

екені айқындалды.Қалыптастырушы бағалау кезеңінде мұғалімдер білім

алушылармен жеке-жеке жұмыстарды көп жүргізді. Әр баланың қабілеті

ескерілді.Ата-анасының сабақтара отырып 

баласының  оқуда ілгерілеуіне мәлімет

жинақтауына да мүмкіндіктер бердік.3 тоқсанда балдық көрсеткіштері төмен оқушылар

4 тоқсанда  көтерілді.

2

5

Мектепте тоқсандық

жиынтық бағалауды енгізу және қолдану.

(әр пән бойынша пайыздық

көрсеткіштері салыстырып көрсету)

Қандай пайдалы жақтары

мен қиындықтары бар?

 

 

 

 

3 тоқсан

4 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

4

1 «ә»

1 «ә»

1 «а»

1 «а»

сауат

ашу-63,25,

73,33

70,6

78

математика-78,33,

65,16

66,73

74,8

орыс тілі-

68,83,

67,58

70

80,73

дүниетану-79,91,

69,08

71,93

74

жаратылыстану-78,41,

62,83

66,8

79,06

 

көркем еңбек-    75,66;

                                     90,66

 

80

79,46

Ағылшын

тілі-        65

 

Пайдалы жақтары: әр оқушының пайыздық көрсеткіші анық, жұмыстарды

ұйымдастыруға ыңғайлы

                     70,75

 

Қиындықтары:

Бағалау жүргізіледі,

оқушының білімі айналып келіп «2» бағасы қойылмаса да, бұрынғы жүйеге енеді

 

 

67,75

 

70,46

 

 

 

 

 

6

Білім алушылар

портфолиосы.

Білім алушылар

портфолиосы қалай жүргізіледі, қайда сақталады?

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушылар портфолиосын жүргізуге

талаптар қойылмайды, мұғалімдерге, ата-анаға ,оқушыға тиімді, бағалау көрсеткіштері

айқын болғаны қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

7

 Сабақтарға қатысу, өзара сабаққа қатысу.(санын

көрсету)

Мектептегі сабаққа қатысу

қалай ұйымдастырылған? Қандай жұмыстар жоспарланған?

 

 

Сабақтарға қатысу  1-ші сыныптарда  : 

жетісіне 1 рет екінші жартыжылдықтан басталды., 15  сабаққа үйлестіруші қатысты, әдістемелік

жетекші  (Жұманова С.Е.)15 сабаққа, тәлімгер  (Макишева К.Д.) 15 сабаққа қатысты. Ашық

сабақтар өткізу кезінде мектеп мұғалімдері, әкімшілік  ( барлығы 10  адам) қатысып отырды. Пікірлер айтылып, мұғалімге

ұсыныстар берілді. 1-ші сынып мұғалімдері ұсыныстарды сыни тұрғыдан қабылдауға

үйренген, сабақтарына рефлексивтік есеп беру дағдылары қалыптасқан.  1-ші сынып мұғалімі Мұратқызы Мөлдір Жақсы

аудандық білім беру бөліміне қарасты орталықта ұйымдастырылған білім

жетілдіру курсынан  өтті.

4

8

Критериалды бағалауға қатысты

сұрақтар бойынша форумдарға қатысуы, критериалды бағалау

бойынша әдістемелік

материалдарды мұғалімдердің қолдануы (сайттарды көрсету,анық жазу)

Жұмыс қалай ұйымдастырылған?

 

 

 

 

Әдістемелік материалдарды қолданады,

бірақ мұғалімдер стандарт талаптарына негіздеп өзіндік крийтерилар құрастырған

жоқ, қиынсынады, материалдар жинап өзіндік тапсырмалар құрастырудан қашқақтайды,

сондықтан жиынтық бағалауды бар материалдармен өткіздік.

1

9

Критериалды бағалауға қатысты

сұрақтар бойынша мектеп үйлестірушілері мен мұғалімдері үшін

іс-шаралар ұйымдастыру.

Қандай іс-шаралар (оқыту

семинарлары, тренингтер, шеберлік сыныптары және т.б.) өткізілді?

 

 

 

 

 

Мектепішілік оқыту семинарлары өткізілді,

аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырған оқулар мен семинарларға  (Запорожье, Перекатное) мұғалімдерді қатыстыру

ұйымдастырылды. 19 қаңтар 2017 жылы Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы өткізген

қазақ, орыс тілдерінде  облыстық

семинарға  «Оценивание учебных

достижений обучающихся в рамках обновления содержания образования»  Варанкин Е.Ю., Мұратқызы М. қатысып,

сертификаттарын алды..

2

10

Әдістемелік материалдарға

мұғалімдердің пікірлері (мұғалімдерге арналған критериалды бағалауға

арналған нұсқаулық, қалыптастырушы

бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, жиынтық

бағалауға арналған әдістемелік

ұсыныстарына)

Берілген материалдар барлық пәннен емес,

мазмұндары саяз.

1

11

Мектептің ұсыныстары

мен сұрақтары, қажеттіліктері, ұсынымдары

 

 

 

 

 

Критериалды  бағалау бойынша  пән мұғалімдерінен есеп алу үлгісін құрастыру,

пайыздық көрсеткіштерін салыстыру, тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесін

тарату.

1

 

Просмотров: 578


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст