«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Инклюзивті білім беру- қабілеттердің өзіндік тұтастығы»

07.06.2017

1995 жылы 30 тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды. Ондағы қарастырылған ең басты екі мәселе орын алған: біріншісі, мемлекеттің құрылымы, екіншісі, адам және оның құқығы. Конституцияны бүкіл заңдардың заңы деп атаудың себебі де сонда. Мысалы, Ата Заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Олай болса арамыздағы кездесетін мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек жандар да тең құқықты,олар да денсаулықтарына байланысты, өздері қалаған ортадан білім алуын мемлекетіміз қарастырған.

Қазіргі таңда мүгедек балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру жүйесі болып табылады.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы деп білеміз. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгертеді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.

Республикамызда арнайы инклюзивті білім беру үшін тарихи маңызы бар 2002 ж. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету көмегін көрсету туралы» заңының қабылдануы. Бұл заң актісінің қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен қарай бастағанын көрсетеді .

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Мемлекетіміз ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.  Инклюзивті білім беру идеяларын алға жылжыту қоғам өміріне ізгіліктілік идеяларын енгізіп, балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқытудың жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.

Қазіргі заманда арнайы білім жалпы білім жүйесінің құрамы болып отыр. Мемлекет тұлғаларға барлық шарттарды дайындайды, бірдей мүмкіндіктерді білім алуға арнайы білім қажеттіліктердің қамтамасыз етіп отыр. Даму жоспары әлеуметтік және медико-педагогикалық көмегі ерекше қажеттілігі бар балалардың дамуына жаңа идеяларды және ұстанымдарды кіріктірілген инклюзивтік білімді іске асырады. Осындай әдіс тәсілдермен балаларды жекелендіруге және толық дамымаған балаға қөзқарастар жасауға болмайды, өмірінде әлеуметтік траектория жасау, ерекше қажеттілігі бар балаларға ортақ дамыған балалармен қосу қажеттілігі, бірлескен оқуға, демалуды ұйымдастыру, барлық жақтан көмек беру қажет.

Бүгінде білімді кіріктірілген инклюзивтік біліммен қатар дамуына қажеттілігі туып отыр. Коррекциялық ұйымдар оқу әдістемелік орталықтар міндеттерді атқарады, жалпы орта мектептерге педагогтарға әдістемелік көмегін беріп жатыр. Арнайы білім жүйесінің дамуына стратегиялық тапсырманың бірі инклюзивтік білімді қазіргі заманда мойындау қажеттігі және басқа әдістермен ерекше қажеттілігі бар балалардың дамуына көмектеседі, арнайы коррекциялық білім алуына және тәрбиеленуі практикада жүзеге асады.

Инклюзивтік мектеп бұл алдымен демократиялық мектеп, адамның өмірін құрметтеу және сыйлау. Осындай мектепте оқушылар шығармашылық білім мәселелерін шешуде бірігіп жұмыс істейді.

Мектептің даму стратегиясы, білім беру мекемесін модернизацияға жоспарланған қызметі басым. Жалпы мәселелері бірлесе жұмыс жасайтын ұстаздардың және барлық педагог ұжыммен шешуге қалыптасуы,таңдаған мәселені шешуі бойынша жоспарлау және ұйымдастыру қызметі.Сайып келгенде, барлығы маңызды талдаумен және басқару технологиялық байланыспен мектептің қызметі жүзеге асады. Мектеп директорының тапсырмасы болжамды нәтижелерін азайтуынан көбейту. Меніңше басқару үдерісінен, басқару қызметі жеке түрде қаралады.

Бірақ олардың байланысы бар, кезек -кезекпен өзгереді, басқару жүйесін құрады. Функционалдық элементтерін бағаламаса барлық басқару үдерістерін соңғы нәтижелерін төмен көрсеткіш көрсетуі мүмкін.

Біздің алдымызда басқару кестесі:

-Ақпараттық талдау қызметі

- Мотивациялық мақсаттық қызмет

- Жоспарлы болжамдық қызметі

- Бақылау диагностикалық қызметі

- Реттеу коррекциялық қызметі

- Ұйымдастыру атқару қызметі

Мектеп директорының білім мекемесінің барлық бағыттарына қызметінің нәтижелеріне аса жауапкершілігі, бір жағынан жоғарғы тұрған органдардың бұйрықтарын орындау, ал екінші жағынан. педагог ұжымның өзіндік позициясы.

Қазіргі таңда саяси, экономикалық, әлеуметтік салада өзгерістер байқалады. Бірте-бірте Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа бірігіп жатыр. Ертеде мәселелер жергілікті, аймақтық деп есептелген, қазіргі заманда жаһандық, жалпыадамзаттық деп саналады. Осыны біз ойладық, біз мектептің даму бағдарламасына енгіздік. Біздің концепция білім ортақ уақытта интеграция қаралады. Меніңойымша, құрылымдық жақтары мектептің қызметінің барлық жақтарын қамтамасыз етеді. Маңызды орталық бағыттары: «Әлемнің кіріктірілген жүйесі», «Мен жүйесінің бір бөлігі, жалпыадамзаттық бөлігі», «Болашағы менімен байланысты», «Заманауи жаһандық мәселелерді шешуге қатысуға дайынмын». Озат педагог идеялары оқу тәрбиелік үдерісте болып отыр.Мектеп әкімшілігін және әкімшілік мектепті үш маңызды бағалаумен тексереді:

1) Педагогтарға және оқушыларға психологиялық климатты және пайдалы шарттарды жасау, салт дәстүрлерді құрметтеуі;

2) Тестілеу бойынша оқушыларды деңгейлік дайындау, сәйкесті әр түрлі машықтарға үйрену

3) Шығармашылық табыстарын экспертік бағалау және оқушыларды шығармашылық белсенділігіне, шығармашылық тапсырмаларды шешу, жобаларды орындау.Зерделей келе, бүгінде басқару шешімдерін дұрыс ұйымдастыру керек. Бірінші кезекте, психологиялық кедергілерді жеңуге көмектесу, оқыту үдерістерді жасау жаңа идеяларды қабылдау, мектептің мақсаты білім мақсаттарын және тапсырмаларын орындау. Жасалатын өзгертулерде өзінің орнын табуға көмектесу. Екіншіден, ұстаздың кәсібилігін өз бетінше дамыту және өз бетінше жетілдіру.

Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Инклюзивті білім балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастыру жолындағы қабілеттердің өзіндік тұтастығының бастауы.

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст