Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Атаулы мектебіміз биыл 40 жыл толуына орай 27 мамыр күні осы мектептен түлеп ұшқан барлық түлектер, өзі ұшқан ұясына қайта оралды. Осы атаулы күні мектебіміз өз түлектеріне «Арман» мәдениет үйінде ұстаздары мен оқушылардан ұйымдастырылған мерекелік концертті ұсынды. Бұл мерекелік концерт мектебіміздің мәртебелі қонақтары мен келген түлектерімізге тамаша көңіл күй сыйлады деп ойлаймын.
Мерекелік концерттің бағдарламасы «Өмір жолы» бағытындағы ұшақ ішіндегі көрініс арқылы берілді. Мерекелік концерт басталмас бұрын мәдениет үйі файесінде аудио дыбыспен ұшақтың кестеге сай ұшатындығын, касса терезелерінен билет алулары сұралды. Сонымен қатар «Өмір жолы» бағытындағы ұшақ балалық шақтан, осы өмір жолына дейінгі шақ көрсетіле отырып, келген қонақтармызды, түлектерімізді, аяулы ұстаздарымызды грамоталар мен куәліктермен марапаттады. Соңы мерекелік концерт номерлерімен ұласты.
Мерекелік концертте мектеп оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ; «Кел билейік» әнімен «Қыздар-ай» триосы, «Балалық шаққа саяхат» әнімен Блиспекова Перизат, «Қазақстаным, Отаным менің» әнімен «Балдәурен» вокал тобы, «Астана» әнімен мектебіміздің жас мамандары Рахметова Асел Қуанышқызы мен Мөлдір Мұратқызы, осы мектептің түлегі Көкшетау қаласы музыка мектебі мұғалімі Денебаева Ажар «Адай» күйімен, сонымен қатар мектебіміздің түлегі «Астанам менің» әнімен Мұрат Жазира мен Сейтжағыпар Елбарыс, «Самға» әнімен Сахан Балауса, «Стиляга», «Шашу», «Керім-ай» билерімен мектебіміздің «Гүлдер-ай» би ұжымы, «Қазақстан жастарының әнұраны» әнімен Мұрат Жазира және мектебіміздің оқушыларынан ұйымдастырылған балалар хорымен концерттік бағдарлама мәресіне жетті.