«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1978 жылдың түлектері

30.05.2017

2017 жылдың мамыр айының 27-і күні Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі үшін ерекше күн болды. Сүйікті мектебімізге 40 жыл толып, түлектер Алтын ұя мектептерін құттықтауға келді.  Уақыт зымырап өтіп жатса да, мектеп өзгеріссіз білім нәрін себуде. 1978 жылдың 15 түлектері келіп, қуаныштарымен бөлісті. Бұл түлектердің самайына ақ түскен, жастары 56-57 жастағы кісілер. Бәрі мектеппен қуана қауышты. Ескі суреттерін көріп, балалы шақтарын еске түсіріп, күлгендері де, сағына еске алып жылағандары да болды. Бәрі де мектеп дәліздеріне, кабинеттерге таңырқай қарап, өзгерістерді іздеуде. Мектептерінің бүгінгі бейнесі қызықтыратыны сөзсіз. 

Қазіргі мектеп әдемі, білімқұмар оқушылары мен мектеп директоры Мейрамова Гулсум Жумагалиевна басқарған педагогикалық ұжымы бар. Мектеп - шынымен көпшілік үшін жүректеріне жақын, тартып тұратын қасиетті шаңырақ. 

Бақытым самғасам да, көгімде ұшар,

Мектебім жүрегімнің төріндесің,

Өзіңнен бастау алған бала сезім.

Білемін еш уақытта жеңілмесін.

Өмірдің қол созғанмен жаңасынан,

Өткеннің кім жете алар бағасына.

Кешегі арман қуған күн алыста,

Кеттің-ау сағым жылдар арасында .

Мектеп негізі қаланғалы көптеген оқиғалар болды. Сол оқиғалардың кейбіреуі ұмытылса да, көбі біздің жадымызда сақталып, тарихқа айналды. Сол тарихты жасаған адамдар да жадымызда. Оқушыларының қуаныштары мен реніштерін сыйдыра білген сол адамдардың жүректері неткен кең десеңші! Өкінішке орай, осы мерейтойға сол адамдардың бәрі жетпеді. Ол кісілер мәңгі біздің жүрегімізде! Осы күннің қуанышын бізбен бірге қонақтарымыз бөлісті. Олар педагигикалық еңбек ардагерлері, түлектер және біздің мереке қонақтары. Шет елдерде жүрген мектебіміздің түлектері келе алмаса да, өздерінің жүрек жарды тілектері мен сәлемдерін мектептің электронды поштасына жіберіп, құттықтау ашық хаттар мен видеолар жіберіп жатты. 

Мектебіміздің бірінші түлектері мектеп директоры мен педагогикалық ұжымға рахметтерін, алғыстарын айтып: «Сүйікті мектебіміз өсіп, өркендей берсін, өз оқушыларын әрқашан қуанышпен қарсы ала берсін», - деген тілектерін айтып кетті.

Оразбаева Б.М. осы мектептің бірінші түлегі

Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст