Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Еңбекке баулу — мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылы, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұгалім тарапынан техникалық - технологиялық мағұлмат беру белгілі бір техникалық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден тұрады:
— Сабақтың тақырыбы (оқушыларға берілетін техникалық-технологиялық білім мен біліктітің көлемін қамтиды);
—Сабақтың мақсаты (білім,тәрбие мен даму аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таныстырады);
— Материялдық-техникалық базасы (жабдықтар, саймандар, материалдар, көрнекі құралдар, технологиялық карталар);
— Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына сәйкес белгіленеді, әрбір элементті орындауға жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде. Шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар. Бұл әсіресе жасөспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді. Технология пәні бойынша оқушыларға кең көлемде білім бере отырып, олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қазір көптеген мектептерде ірілі-ұсақты темір, ағаш өңдейтін станоктар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды үйрету керек. Еңбекті оқушылардың білімдеріне және технология мен техника негіздеріне сүйене отырып ұйымдастырады. Сол үшін мұғалім оқушылардың физикадан, математикадан, сызудан, суреттен алған білімдерін пайдаланатынын ескереді.
Еңбекті ұйымдастырудағы мұғалімнің міндеті:
— еңбек обьектілерін таңдау;
— материалдық-техникалық базаны нығайту;
— санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтау;
— ұйымдастырудың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау;
— нәтижелерді бақылау, есепке алу;
— оқушылардың өзін-өзі басқару топтарын құру.
Оқушылардың өзін-өзі басқару тәжірбиесінде жұмысты топ жетекшілері атқарады. Олардың қызметі-топтың еңбек процесін ұйымдастыру, сапаны бақылау, талдау. Мұнымен бірге олар еңбек нәтижелерін бағалайды. Жұмыс барысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде талаптар қойылады және олардың орындалуына ерекше назарда ұстау керек.
Сондықтан :
— сабақ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-өндірістік-санитарлық еңбек қауіпсіздігіне қатысты ережелер мен нұсқамалар;
— талапқа сай аспаптармен жұмыс істеу.
Технология сабағы, оқушыларды еңбекке баулу сабағы олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми-техникалық жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған болуы тиіс. Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану керек.
Мұғалім оқушыларды еңбектенуге, алға қойған мақсатына қол жеткізуге және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйретуі тиіс. Мұғалім оқушыларды ептілікке, аспаптармен жұмыс істей білуге, бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға үйретеді. Жұмыс кезінде бір-біріне көмектесу керектігін түсіндіреді. Технология сабағында оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру басты орын алады. Неге десеңіз, әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстетикасы жағынан да тартымды болуы тиіс. Мұғалімнің басты міндеті-оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау және оларды қызықтыру.