Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер негізінде рефлексивтік есеп "Диалог негізінде оқыту және оқу".
Әлеуметтік-сындарлылық идеялардың танымал педагогикалық тәсілдерінің бірі - «Диалог негізінде оқыту және оқу» болып табылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» әдісін қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. «Егер балаларға бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік берілсе, олар бір-біріне ойларын айтады және пікір алмасу барысында пікірлерін негіздеуге мүмкіндік алар еді» деген Мерсердің идеялары оқушылардың талқылауын тыңдауға, қол көтерген оқушы ғана емес, сыныптағы барлық оқушыларды сабаққа тарту туралы ойлауға түрткі болды.
Қандай сабақ болмасын, барлығы диалогтан құралатыны анық. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында байланыс та диалогтен тұрады. Егер бұл бәріне мәлім оқыту тәсілі болса, неліктен бұл диалогті оқытуды «оқытудағы жаңа тәсіл» деп бөліп қараймыз? Осы курстың барысында, бұл сұраққа толық жауап алдым деп айта аламын. Диалогті оқытудың тиімділігі жөнінде пікірлер өте көп. Мысалы, Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде, оқушылардың ой-өрісін, білімінің дамуына көмектесетін, интеллектті дамытушы құрал-диалогті оқыту деп айтқан. Ал Выготский «Балалардың когнитивті даму әрекеттері - әлеуметтік қарым қатынас үдерісінде, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау кезінде қалыптасады»-деп суреттейді.
Оқушы дамуының шешуші ролін мұғалім атқаратыны анық. Сыныпта тіл қаншалықты, қалай және қандай түрде қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер етеді. (Барнс, 1971).
Диалогты оқытудағы сабақтың құрылымы мәселені қою және мәселені шешу жолдарынан тұрады. Мәселені қою кезеңі–алдын ала ұйымдастырылған сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын анықтау, мәселені шешу кезеңі – тақырыпты ашуға бағытталған сұрақтардың қойылу, сол арқылы сабақтың мақсатына жету болып табылады. Сұрақтың қойылуының 2 негізгі түрі бар: түрткі болушы (побуждающий) және келтіруші (подводящий) сұрақтар. Бұл сұрақтар құрылымы жағынан әр түрлі, соған байланысты сабақтағы іс-әрекеттер де әр түрлі болады. Диалогті сабақтың дәстүрлі сабақтан айырмашылығы – сұрақтар қою (кейде түрткі болушы, кейде келтіруші) арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері анықтауына мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы жоғарылайды. Мәселені шешу кезеңінде оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты меңгереді. Ал мұндай сабақтағы оқушылардың жаңа тақырыпты түсінгенін білеміз, себебі әр оқушының өзі ойланып, өзі тауып, бойынан өткізген жаңа білімін түсінбеді деу мүмкін емес.
Дәстүрлі әдіс – білімді репродуктивті жолмен қабылдауды қамтамасыз ететін әдістің түрі. Мәселені қою кезеңінде мұғалім жаңа тақырыпты хабарлаумен ғана шектеледі, бұл жағдай оқушылардың бойында ешқандай танымдық қызығушылық тудырмайды. Мәселені шешу кезеңінде мұғалім дайын білімді жария етумен шектеледі, яғни, жаңа тақырыпты түсіндіру. Ал бұл оқушылардың жаңа тақырыпты түсінгеніне ешқандайда кепілдік бермейді.
Менің сабақ беретін пәнім орыс тілі мен әдебиет қазақ сыныптарында. Қазіргі кезде орыс тілі пәні бірінші сыныптан бастап оқылады. Оқушылардын ішінде үлгерімдері жақсы, орташа деңгейлі балалар бар. Орыс тілі сабақтарымда оқушыларды ауызекі сөйлеп, ойын жеткізе білуге, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық ізденіс жұмыстар жасауға ынталандырудамын. Бізге үйреткен бағдарлама бойынша мектептегі тәжірибе кезінде сабақтарымды үйреткен әдіс тәсілдер бойынша өткіземін деп шештім. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңілдерін аудармақшы болдым.
Мен сабақтарымның жоспарын құрғанда әр бала туралы ой елегімнен өткізіп, балалардың бұл қолданайын деп отырған әдіс-тәсілдерімді қалай қабылдар екен деген ой санамда тұрды. Сабақтарым ойдағыдай жоспарлағандай болар ме екен деген ойлар әрине, мазалады. Іс- тәжірибенің бетпе-бет кезінде алынған ақпараттарды практикада қалай ұштастырамын, қандай стратегиялар арқылы сабақты өтемін деген сұрақтар көп туындады. Сосын нұсқаулықты алып мұқият оқып шығып, соған сүйеніп, сабақтар топтамасын жүргіздім. Оқушылар мүғалімнің сұрағына қанағаттандырарлық жауап беру үшін, сұрақ дұрыс қойылуы қажет. Мектептегі тәжірибе кезіңде осы сын тұрғысынан ойландыратын сұрақтарды ойлап шығару барысында қиындыққа тап болдым. Сабақ барысында оқушыларға сұрақ қоюдың үлгісі «иә», «жоқ» деген тұрғыда қойылатын. Алайда, мұндай сұрақтар оқушыларға білім алуға ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік бермейді екен. Сондай-ақ тәжірибемдегі сабақ барысында оқушыларға сыни ойлауға дағдыландыратын сұрақ қойылғанмен, олар оның жауабын бермеген жағдайда, уақытқа бағынып, сұрақтың жауабын өзім айтып қойған жағдайлар көп болған. Кембридж университеті мен Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасынан сабақта сұрақты дұрыс қоя білу маңызды екенін, яғни сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақтың тиімді болатынын, сұрақ қоюдың өзіндік тәсілдері жөнінде түсінік алып, сабақ барысында сұрақ қоюдың түрлі әдістерімен толық таныстым. Мен үшін алынған білімнің ықпалы мен әсері орасан зор болды десем, артық айтқандық емес.
Оқушыларға өзімнің өткізетін сабақтарым туралы айтқанда, бірден олар жақсы қабылдағандарын көрдім, қалай болады, біз не істейміз, дегендей сұрақтар қойғанда, олар қызығушылық танытқандары білінді. Мен жұппен, топпен жұмыс жасайтынымызды, өз жұмыстарын өздері бағалайтындарын айттым. Бірден олар «Сонда біз мұғалім боламыз ба? » деді, ал, үлгерімі төмен бір оқушым ақырын ғана, ал сонда мұғалім не істейді, дегенін естіп, мен оған дұрыс айтасың дей отырып, мен сендерді бақылап, көмек, бағдар беремін дедім.Үлгерімі жоғары оқушылар онда тапсырманы да біз береміз бе?-деген сұрақтарына, мен сендерге тапсырма беріп, бағдар көрсетемін, ал әрі қарай өздерің дамытасыңдар, деп ынталандыра түстім. Осыны айтқанымды естіген кезде олардың көздерінен менен бір өзгеше жаңалық күтетінін байқадым.
Алғашқы сабағым зат есімді қайталауға байланысты болды, бұл сабақта балаларға таратып берген зат есімге байланысты сөздер туралы жалпы не айтар едіңдер?-деген сұраққа балалар бір ғана сөзбен жауап берді, жауаптарын толықтыру мақсатында жануарлардың суретін көрсетіп, тақтаға назар аударып осы суретті де байланыстырып толықтырасыңдар дегенде, Сандуғаш атты оқушы ақырын ғана, сенімсіз жанды-жансыз деді, дұрыс, оны қалай таптың?-деген сұраққа, қолындағы сөзі-ауа райы деген сөзге не? деген сұрақ қоюға болатыны, ал жануарлар кім? (орыс тілінде барлық жандыларға қойылады) деген сұраққа жауап береді, деп шештім деді, әрине деп, оның жауабына риза болдым. Онан соң, келесі бала, ол зат есім ғой, көктем сөзі-жалпы зат есім ғой, деп айтқанын күтіп отырғандай балалар қосып айтты, ал келесі тапсырмада осы сөздермен сөйлем құрастыруда балалар өрбітіп алып кетті, суреттер арқылы топқа бөлінгенде балалар өз сөйлемдерінің ішіндегі сөздердің жалғауларын өзгертіп мәтін құра бастады. Үлгерімі жақсы оқушылардың бірі Мадина үй тапсырмасына өзі ізденіп, жануарлар туралы суретке қорықтар туралы слайд көрсетіп, әңгімеледі. Мен балалар, осы қорықтар бізге не үшін керек?-деп сұрақ қойғанда, Ильяс: «өйткені, жануарлар, құстар, өсімдіктерді қорғап қалу үшін»,-деп жауап бергенін естіп, жауабына риза болдым, ал Медет тіпті, теледидардан жануарларды атып тастағанын көргенін, ол адамдар ұсталғанын айтып жариялады, мен қоятын сұрағымды менен бұрын ол айтады деп ойламағанмын, «Не үшін адамдар оларды аулайды, неліктен олар азайып бара жатыр?», деген сұраққа оқушылар жан-жақтан, терілерін алу үшін, мүйізін сатуға, етін пайдалануға, деген жауаптарын естіп оқушылардың қазіргі ақпараттармен таныс екенін, қызығушылық танытатынын байқатты. Қандай жануарлар сирек кездесетіні туралы ізденіп, мәлімет жинаған оқушылар бір бірін тыңдап, суреттерін көріп, ойларын толықтырды, жануарлар туралы жұмбақ шешіп қорытты. Жануарлар қазір көктемде қыстан оянып, азық жинайтынын айта кетіп, көктемгі өзгерістерге тоқталдық, әсіресе, әр топқа табиғат туралы ойларынмен бөлісіңдер деп флипчарт бергенде, бір топ көктемнің суретін салып қорғаса, келесі топ сөздер жазып суретпен толықтырып, әңгімеледі, бұнда оқушылардың бірігіп жұмыс жасағандары, әр бала өз ойын қағазға сурет арқылы болса да түсіргені, топтың қорғауында балалар ынтымақтастық құрып, біреуінің білмегенін-біреуі толықтырып отырғанын көріп, әдістің оқушыларға жаңа идея туғызып, ойларын сыртқа шығарып бөлісуге мүмкіншілік беретіне дәлел болатынын аңғардым.
Александер (2004) «Оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды» деп тұжырымдайды. Оған дәлел, оқушылардын тапсырма орындап отырып топпен диалог арқылы оқушылар бір-бірімен әңгімелесіп, ойларын қосып отырғаны. Сабақтың барысында әрдайым оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін түрткі сұрақтар қойып отырдым. Қойған сұрақтарымды қарапайым етіп қоюға, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермеледі. Әсіресе, оны мәтінмен жұмыста, өздері құрастырған мәтіндерімен тақтада берілген мәтінмен салыстырып, айырмашылығын, ұқсастығын тауып, ойларын ортаға салып топпен флипчартқа толықтырғанда, әр бала өз үлесін қосты. Ал, жақсы ой қосқан баланы ынталандыру мақсатында-жұлдызшамен немесе мадақтап бағалап отырдым, өздерінің жұмыстарын геометриялық фигуралармен сабақтың соңында оқушылар өздері бағалап отырды.
Екінші сабағым сын есімге байланысты болды, балалар ертегі кейіпкерлерімен әр елдерге барып, тапсырмалар орындады, өткен тақырыпты байланыстыра отыра, суретпен жұмыс жасадық. Ой толғауда, топпен жұмыла отыра жұмыс жасады. Таң қалдырғаны, үлгірімі төмен оқушының өзі ынталанып, орыс тіліне шорқақ болғанымен, басқа жағынан, суретпен, сызумен көмек көрсетуге тырысты, үй жұмысына өздерінің сүйікті жануарлары туралы эсселерін оқып талдаса, Мадиярмен Шалкар үйдегі жануарларының суреттерін салып, әңгімелеп берді. Әр тапсырманы қорғап, келесі топ ол топқа сұрақ қоя отыра қорытыңдылады, ал Дамир жануарлар қанша өмір сүретіні жайлы ізденіп, келесі сабақта әңгімелеп берді, балаларды да қызықтырды.
Бұл-балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру, қызығушылықтарын ояту, оған дәлел балалардың бақылаулары, талдаулары, өздері ізденіп, ұмтылып, санасындағы мыңдаған сұраққа жауап іздеп талпынуы деп білдім. Әр сабақтың соңында оқушыларды диалогтік сұхбаттасу мұғалім мен оқушылар арасында өте манызды, әсіресе өзге тілді үйрену барысында оның ықпалы зор екеніне көзім жетті. Әңгімелесіп, сұрақ-жауап, диалог арқылы оқушылар бірігіп жұмыс жасап, пікірлерімен бөлісіп ой түйеді.
Диалогтік оқытуда оқушылар белсенділік таныта білді. Осы бағдарлама оқу барысында үйренген әр түрлі стратегияларды қолданып, сабақтар өткіздім. Алғашқыда сабақ басталар кезінде, оқушылар күнделікті сабақ тәрізді ешқандай қызығушылық білдірген жоқ. Сабақ барысында психологиялық ахуал тудыру үшін, оқушыларды шенберге тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірдірттім. Тілек айтқан кезде үнсіз оқушы деп алған оқушыларым қыз балаға да тілек айту керек болатын, кей ұлдар ұялып, қызарып: «Жақсы оқы» деп қысқаша ғана тілек айтты. Қалған оқушылар белсене қатысып, өте жақсы тілектер айтып, көніл-күйлері көтерілген соң, суреттер арқылы топқа бөліп отырғыздым. Оқушылар бірден топқа бөлінгеннен кейін, сабаққа қызыға бастады. Бірінші сабағымда диалог құру үшін, оқушылар тақырыпты өздері ашу үшін топқа бөліп, сол топты 1,2,3 деп санатып қайта бөліп, Джикско стратегиясын қолдандым. Көп ұзамай оқушыларға мәтінді бөліп бердім. Оқушыларға ұнағаны-мәтіндерді бөліп бергенім. Әдебиет пәнінде көбіне ауызша сабақ болғандықтан, кейбір мәтіндері ұзақ әрі шрифтері де ұсақ болып келеді. Ал егер мәтінді бөліп берсек, оқушылар өз бөлігін жылдам әрі қызыға оқиды.
Оқушылар топта талқылап, кестелер, Вен диаграммасын сызып қорғады. Үш топта бірден көшбасшылары сайланып, талқылауға кірісті. Содан кейін өз топтарына оралып, топтағы әр оқушы мәтін бойынша түсініктерін, ақпараттарды мазмұндап, талқыға салды. Бір-бірінің ойларын төзімділікпен тыңдап, өз ұсыныстарын айтып отырды. Әр оқушының бойынан жауапкершіліктерін аңғардым. Өзара топта сұрақ қойып, белгілі бір тығырықтан бірлесе отырып шығуға талпынғандарын байқадым. Оқушылар қорғаған кезде бір-біріне түсіндіріп, түсінбеген оқушылар сұрақ қойған кезде сабақ өте қызықты болып, сыныпта диалог құрылды. «Футбол» ойынынын ойнатып, бір-біріне тақырып бойынша сұрақтар қойдырттым. Содан кейін әр- оқушыға тапсырма берілді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушыларға сергіту сәтін өткіздім, оларға «Биші боберді» қойып, билеттім балаларға ұнады. Мені таңқалдырғаны-оқушылардыың барлығы жаппай билей бастады, үнсіз оқушыларым Омаргалиева Гаухар, Жандарбекова Меруерт, Советов Жумабек те биді жақсы көреді екен. Сабақ бойы оқушылар неғұрлым бір-бірлерімен көп пікір алмасса, соғұрлым оқушы сабақты жақсы меңгереді деп ойлаймын. Осы оқып білген технологияның жақсы жағы-ол оқушылар еркін сөйлеп дағдыланады.
Сабақтың қорытынды бөлімдерінде топтар тақырыпқа байланысты бес жолды өлеңмен қорытып немесе рефлексия ағашына пікірлерін жабыстырып, дауыстап оқып, ой бөлісті. Әр баланы ынталандыру мақсатында өзім мадақтап, смайликтер беріп отырдым, ал өздерін бағалауға келгенде, алдыңғы сабақтардай емес, балалар бағалау парағына шын, әділ бағаларын қойып жатқандарын байқадым. Әр топ спикеріне сөз бергенде, олар қай бала қалай жұмыс жасағандары туралы айтып бағалады, ал топ мүшелері олармен келісті. Осыған орай, әр балаға мүмкіншілік бере отыра бала өз деңгейін біле тұра өз бетімен ізденіп, дамуға көмек беретін біздер мұғалімдер өз тарапымыздан оларды қолдап, әрқашан шектемей, қызығушылығын арттыруға тапсырмаларды түрлендіріп өзгертіп отыруымыз керек екенін білдім.
Сабақ соңында өзіме сараптама жасағанда байқағаным, топтағы оқушыларда ортақ сұрақ болды, олар болған мәселе бойынша идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылай отырып, бір-біріне баға беріп, белгілі бір ұжымдық түсінікті қалыптастырды. Алдағы сабақтарға қарағанда кейінгі сабақтардағы оқушыларымның әрбір іс-әрекетін бақылау барысында, олардың ауызекі сөйлеуінде, өз ойларын білдіруінде, қарсы топтағыларға пікілерін айтуда олардың бойларынан сенімділіктің, сыни тұрғыдан ойлап, сындарлы сөйлеуге ынталана бастағандарын, олардың сабаққа деген шынайы қызығушылықтарын, бір-бірінен үйреніп, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеп, бағалай білетін қабілеттерінің ілгері басқанын байқадым. Әрине, оқушыларымның бұл іс-әрекеттері мені қуантады әрі диалогтік оқытудың маңыздылығына көзім жетті. Келесі оқу жылында диалогтік оқытуды сабақ барысында тиімді түрде қолданып, оқушыларымның ауызекі сөйлеу тілдерінің жетілуіне, өз ойларын емін-еркін айта алу дағдыларының дамуына әрекет жасаймын.
Бұл әдіс оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтады, шамалы болсада білімге деген құштарлығы дамыды және зерттеуге ынталанды, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етті, оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етті, әңгімелесу мен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетті және шоғырландырды.
Ойымды қорыта келе, осының барлығы орыс тілі мен әдебиет сабағында оқушының логикасын дамытуға көмектесуде. Алдағы уақыттағы іс-тәжірибелерімде диалогті оқу және оқыту әдісін бұдан да толығырақ қолданып, балалардың білімге құштарлығын одан әрі жоғарылататыныма сенімдімін.