«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарынды балаларға – талантты ұстаз

11.05.2017

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадаға география пәнінің мұғалімі жас ұстаз Уалханов Нұрсултан 3.05-5.05 аралығында Алматы қаласына қатысып келді. Олимпиада жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында санымен қатар міндеттері педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін өсіру, жас педагогтердің оқу-тәрбие процесіне инновациялар енгізуде және ізденуде мотивацияларын арттыру, жас мамандардың педагогикалық қызметте өзін-өзі жетілуіне және анализ жасауына, олардың шығармашылық қабілеттері мен кәсіби ұстанымдарын дамыту болды. Педагогикалық олимпиаданың құрылымы мен қатысушылары төрт сатыға бөлінді. Сонының ішінде IV саты – жас педагогтер, психологтар мен тәлімгерлер болды. Бұл деңгейде химия, биология және география пәндері бойынша барлығы 30 жас маман қатысты. Олимпиада үш кезең бойынша өткізілді.

Бірінші Өзін-өзі таныстыру «Педагогикалық дебют» заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің кәсіби іс-тәжірибесін ауызша ұсыну болды.

Екінші кезең Панорамалық сабақ немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы» панорамалық сабақ немесе жоба барысында педагогтер практика жүзінде өзінің жұмыс жүйесінің негізгі идеясын, кәсіби құзіреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтілік мәдениетін, өткізілетін сабақтық эстетикасын, оқу процесін талдай білуін жүзеге асыру.

Үшінші кезеңде Портфолио (қағаз және электрондық түрде) тапсырылып бағаланды.

Олимпиада барысында Уалханов Нұрсултан белсене қатысып, қатысушы сертификатын алды. Нұрсұлтан - ізденімпаз, жаңашыл ұстаз, шығар тауы мен алар асулары әлі алда.

Просмотров: 472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст