Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
«Әр бала - жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!»
Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, педагог Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса мектеп сондай болмақшы... » , - деген. Елімізде мұғалімнің біліктілігін жаңа заман талабына сай әдістемелік жағынан көтеру мақсатында әр түрлі курстар ұйымдастырылуда. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, оқушының қызығушылығына қарай дамытуы. Жұмыстарды топта, жеке, жұппен жүргізіп, әр шәкіртке сабақта, сабақтан тыс уақытта жұлдыз болып жарқырауына мүмкіндік беру. Мектепте сабақ жоспарыңызды жүзеге асыруға ұмтылу кезеңінде ең маңыздысы – көздеген нәтижеге жеке қол жеткізу емес, өзіңізбен бірге әріптестеріңізді де іске тарту. Бұл кезеңде пәніңізге қатысы жоқ мұғалімдерді өз жұмысыңызды дамытуға қалай тартар едіңіз деген мәселе туындалады. Әлсіз буын болмау керек, бір тұтас организм сияқты жұмыс істеу қағидасы түрлі пән мамандарына қатысы қанша?
Сұрағымның жауабын мектеп директорының бұйрығы негізінде мектепішілік педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының сабақтарынан алдым.
Бірінші күннен курс сабақтарын бастаған тренеріміз Саутбаева А.Б. тыңдаушыларды жылы жүзбен қарсы алып, 7 модуль идеяларының Бағдарламасының мақсат, міндеттерін тәжірибе жүзінде түсіндіріп, сабақтарға қызығушылығымды оятты, сенімімді қалыптастырды. Топтар алғашқы сабақтарда бірге жұмыс істедік. Қалыптасқан ұжымда жұмыс істеу қиын болған жоқ, бірақ қалыптасып қалған әдісім жаңа идеялармен салыстырмалы түрде жүзеге асырылып жатты. Мен күнделікті сәйкестендіру жұмыстарымен айналысып жатқанымды ешкімге айтқан жоқпын. Біздің тобымызда әр пәннің ұстаздары жиналған. Мен оқу барысында өзіме көп ақпараттар алдым, оқытудағы жаңа бірнеше әдіс-тәсілдердің түрлерімен таныстым, басымдылығына назар аудардым, өзімнің ойымды, пікірімді ортаға салып айта білдім деп ойлаймын. Алғашқы күндерден бастап тренер Саутбаева А.Б. өзінің тиянақты дайындығының арқасында бірінші деңгейлі курстан алғанын, білгенін, түйгенін, жинақтаған материалдарымен түсіндіре де, көрсете де білді. Сондықтан болар, тақырыптарды түсініп, сабақты жоспарлауда қажеттілігін сезіндім. Курстық сабақтарда түрлі таныстырылым болды, өзім де таныстырылымдарды: геометриялық фигуралар, сандар, реттік санау, жұлдызшаларды сыныпты топқа бөлуде кезінде қолдандым. Сабақтарда түрлі ойындар, тренингтер өткізіліп, видео көрсетілімдер де жүріп тұрды. Сабақ тақырыптары практикалық бөлімдерден басталып, теорияға ұласып отырды. Біз Кембридж университетінің ұсынылған бағдарламасы бойынша талаптарды орындауға тырыстық.. Бұл бағдарламадан күтілетін нәтижелер: оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік пікірлерді дәлелді жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір танытатын көзқарастары жүйелі дамыған оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдері тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. (Barber and Mourshad, 2007 [2] ). Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың өзіндік оқудағы қиындықтары және оларды жеңу жолдарын қарастырған, сонымен қатар баланың ойлауын дамыту, бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен мұғалімнен, оқулықтардан және достарынан алған білімдерімен байланыстыра жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. (3 )
Оқушыға өзінің түсінбегендігін мойындауы маңызды екенін түсінуге көмек беруіміз қажет. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты кеңейту мүмкіндіктері: қолдау, сену, түсіну.
Менің беріп тұрған материалым оқушылардың түсінуіне, қабылдануына қиын болса, бұндай жағдайда қиындықтардың пайда болуы қалыпты құбылыс екендігін түсіндіру және де бұны мойындау.
Мұғалімдер оқушыларға олар қолдауды қажетсінетін салаларда олардың өздеріне деген сенімдерін дамытуға көмектесетін және өздерінің табысты болғандығын сезінген салаларда одан әрі ынталандыратын мәселелердің бар екендігі туралы тоқтамға келді. Бұл мынадай мәселелер:
• Жаңа не үйрендіңдер?
• Бәрінен де неге риза болдың?
• Сізге ең оңайы не болды?
• Сізге не ерекше қиын болды?
· Өз проблемаңызды шешуге не көмектесті?
Осы сұрақтарға жауап алу үшін мұғалім оқушылармен барынша көп сөйлесуі қажет. Демек , сыныпта диалогтік мәдениетті дамыту жұмыстарын жүргізіп, сапалы білім беруді жоспарлы түрде іске асыруымыз қажет.
Диалогтік оқыту бұл:
- мұғалімнің тәрбиелік, «әмірлі» әңгімесі мен оқушылармен ашық диалогі арасында тепе-теңдікке жету;
- оқушылардың ойын білу және олардың дәлелдемелерін күшейту үшін бүкіл сыныптың талқылауын пайдалану;
- оларды құру және даулау арқылы оқушылардың идеяларын пайдалану;
- сыныпта ашық талқылау жүргізуге оқушыларды ынталандыру;
- топтық жұмысты оңтайлы пайдалану.
Сыныптық диалогтік мәдениетті қалыптастыруды мақсатында 9 сынып оқушыларымен «Сыныптағы ахуал» сауалнамасын жүргіздім. Сауалнама қорытындысы : 21 оқушы қатысты. Балалардан аттарын көрсетпей жауап берулерін сұрадым. Сынып мәдениетінің қалыптасу пайызы төмен.Пайыздық көрсеткіш:1. Сынып ұйымдастырылған ба?-31,8 %., 2 Сіз сынып ережесін түсінесіз бе?-.6 3,6 %, 3.Сіз басқа оқушылардан қолдау сезінесіз бе?- 27,2 % , 9.Сізге сыныпқа келу қызықты ма?-59 %.Сынып оқушылары мектептегі басқа оқушылармен де тығыз байланыста емес, 2,3 баладан бірігіп, оқшауланып жүреді. Ойын, қалжыңды, әсіресе қыз балалар, түсіне де, көтере де алмайды, сондықтан ер балалармен сабақ үстінде бірігіп жүмыс істеуден бас тартады. Мұғалімдерден көмек сұрайтын оқушылар саны-13, мұғалім оларды тыңдайды ма сұрағына -12 бала жауап берген. Қалған оқушыларды тыңдап, бағалауды күнделікті жоспарға жаздым.Олар Айткен, Думан, Дамир, Мадияр, Мейрамбек.Сыныпқа келу қызықты деп жауап берген балалар саны-13. Сынып сағаттары да осы мәселелерді шешуде үлкен роль атқарар еді. Пән мұғалімдеріне сыныптағы мәдениетті қалыптастырып жұмыс істеу үшін де көп уақыт қажет. Ал сабақта балалардың сыныптағы ахуалы, мұғалімдерге деген көзқарастарын анықтап, жұмысымды сапалы жүргізудің алгоритмін жасадым. Сауалнама бойынша сынып оқушыларымен әңгімелестім. Ашық диалогті өз сабақтарымда қолданып, оқушылар арасында сенімділік, қолдау орнаттым. Әдеби шығарма мазмұны туралы, кейіпкерге көзқарастарын дәлелдеймін деген құлшыныс пен қызығушылық, өзіне деген сенімділік, өзінің жасаған ісінен қанағат алу диалогтік оқыту кезінде жүзеге асып жатты.. Бұрын менде бір қорқыныш сезім бойымда байқалатын, ал қазір сыныптың талқылауын пайдалану, оқушыларды ынталандыру , топтық жұмысты оңтайлы пайдалануды қолданатын болдым, себебі мен нені және қалай істеу керек екенін үйрендім. Мен өзімді шыдамдылыққа үйреттім. Бұрын сабақ барысында дұрыс жауапты алғанша асығатын болсам, қазір оқушының керегінше ойлануын , өз пікірлерін топта талқылап, жеткізгенінше , күтемін, уақытты дұрыс пайдалануларын қадағалаймын. Оқушыларымды зерттей бастадым. Әр оқушыға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сауатты түрде қарауды бастадым. Оқушылардың сабақты жақсы оқығаны жеткілікті болатын. Ал, қазір мен оқушыларға жан-жақты қарайтын болдым. Олардың көңіл-күйлерін, сабаққа қатысуларын, сөйлеген әр сөздеріне мән бере бастадым. Сабақ барысында көп мүмкіншілікті оқушылардың өздеріне берем. Мен алдыма келесі мақсаттарды қойдым : оқушылардың әдеби тілде және ғылыми ойлауға белсенді тарту, шығармаларды, теориялық материалдарды, жазушылардың өмірінен деректерді тереңірек түсінуге көмектесу, ынталандыру, талқылау сапасын арттыру. оқудың қажетті екендігін сезіндіре отырып, бір-бірімен ұжымдаса жұмыс істеу және соған қажетті дағдыларды дамыту.
Сабақ үдерісіне өзгеріс енгізуді мен орта мерзім жоспарынан бастадым. Жаңа жоспарды оқушылар үшін құрастырып келетін болдым. Әр сабағым тиімді, қызық өтсе екен деген үмітпен келемін. Сабақ барысында жұмыс кезеңдерінің тізбектеліп келуіне, жеті модуль идеяларын тиімді ықпалдастыруға, оқыту мен оқу мақсаттарын сауатты анықтауға, нәтижеге жету үшін әрекет жасауға, әрбір кезеңнің басынан бастап соңына дейін жетуін ықпалдастыру, сабақта барлық оқушыларды қамтуға тырысып отырдым. Әр сабақтың алдында осы жоспарға сүйене отырып болжау жасадым. Құрылған сабақтарымның нәтижесінде өз болжауыма сай өтіліп жатты. Сабақта белсенділік таныту үшін ынтымақтастық атмосферасын құруға көп көңіл бөлу керек екендігін білдім. Өйткені оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, беріліп жатқан материалды жақсы меңгереді. Оқушыларға жайлылық сезімі өлең әуені, жақсы тілектер, көңіл көтеретін бейнежазбалардан көру арқылы қалыптастырдым. Алғашқы сабағымда оқушыларды топқа бөлу, топпен жұмыс жасау кезіңде қиын болады деп ойладым. Себептері: балалар өздерінің достарымен отыруды қалады, қыздар, ұлдар болып топтасуды ұсынды, менің ұсынған нұсқаларымды қабылдамады. Курста Алмагуль Болатовна сияқты туған күндеріндегі сандарына, қызығушылығына, фигураларды таңдауға байланысты бөліп, жұмыстарын топта істетуге мүмкіндік алдым. Келесі сабақтарда оқушылар топты құрудың түрлерін өздері ұсынып, мен ұйымдастырып, тапсырмаларды бірлесіп, жұмыла, қызу, уақытпен санасып істейтін болды. Осы жұмыс 9 сыныпта «Сложные предложения» тақырыбын өткен кезде жүргізілді, әріптестерім куә болды. Бұл жерде қабілеттері жоғары оқушыларым, арнайы білім қажет ететін оқушыларға бар көмектерін көрсетті. Осыдан оқушылардың қаншалықты өзгергендігін көрдім. Топтық жұмыстарда балалар бірлік пен ұйымшылдықтарын көрсете білді. Оқушылар жұмыс барысында кедергілерден қиналмай өтті. Сабақтар басталған кезден-ақ менің оқушылармен , топ мүшелерімен диалогтің орнағанын сездім.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Мектепішілік курста осы тақырып бойынша алған қосымша мағлұматым: диалогтік оқыту механикалық әңгіме, жауап алу, түсіндіру және талқылау сияқты әңгімелесуге үйретудің барынша дәстүрлі түрлерімен тығыз байланысқан. Оны нақты стратегия деп атау қиын, дұрысын айтқанда, ол–сабақ барысында танымдық/бәсекелестік өзара қарым-қатынас қалыптастыратын стратегиялар жиынтығы. Диалогтік оқыту балаларды оқу үдерісіне барынша тарту мақсатында әңгіменің күшін пайдаланады, олардың түсінік-пайымдарын кеңейтіп, оқу мен ұғынуын дамытуға ықпал етеді. Сабақта әңгіме үнемі бұндай нәтиже бере бермейді, кей кездері олар оқушыларға кедергі келтіріп те жатады. Александрдың пайымдауынша (2004), диалогтік оқыту негізгі бес қағидаттарға негізделеді:
• ұжымдық: мұғалім мен оқушылар тапсырманы топпен немесе бүкіл сынып болып бірге зерделейді;
• өзара: мұғалім мен оқушылар бір-бірін тыңдайды, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады;
• жиынтық: мұғалім мен оқушылар жеке өздерінің идеяларына және бір-бірінің идеяларына негізделіп, оларды бір тізбекке біріктіреді;
• қолдаушы: балалар өз идеяларын анық жеткізеді, дұрыс болмай қала ма деп қорықпастан өз ойларын еркін айтады; олар бір-біріне өзара түсіністікке қол жеткізуге көмектеседі;
• мақсатты: мұғалімдер белгілі бір білім беру мақсаты бар әңгімені жоспарлайды және реттеп отырады.
8 «а» сыныбында орыс әдебиеті сабақтарында И.С.Тургеневтің «Бежин луг» шығармасы бойынша кейіпкерлерге (балаларға) сипаттама берулері керек.
Сипаттаманың ауызша, жазбаша нұсқалары беріледі, оқушылар оқып, пікірлеседі. Шығармадан үзінділер 3 топқа таратылады.Оқушылар үзіндіден тірек сөздерді алып әр кейіпкерге сипаттама жазады.
Өзіндік шығармамамен толық танысып, оқып шыққан оқушы қосымша түсініктемелер береді, оқушылар дәптерлерінде жазған мағлұматтарын толықтырады. Топпен жұмыс істейді, қорытындысын бірігіп шығарады. Кейіпкерлердің әңгімелеріне байланысты мінездеме беруге дайындалады, деректерді іс-әрекеттеріне сүйене отырып мазмұндайды.
Тыңдап отырған оқушылар да сабақ соңында бір сұраққа болса да жауап бере алады.Қателескен оқушыларға топ мүшелрі түсіндіреді, шығарманың идеясымен таныстыруға мүмкіндік те, уақыт та беріледі.Бағалау парақшасынан балалардың қаншалықты қатысқанын анықтауға болады.
Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. (Мерсер мен Литлтон, 2007) Сабақ үстінде оқушыларыма сұрақ қойғанда, олардың айтқан жауаптары мені қанағаттандырса да, бірақ мен неге? деген сұрақты қойып, оқушының ойлауын дамыту үшін, алған жауаптарын әрі қарай өрбітіп, өмірмен байланыстыруын сұраймын.. Топпен жұмыс жасаған кезде диалогті балалардың дамытқанын байқадым. Дәстүрлі сабақтарда оқушылар ойларын жеткізе алмаса, қазір жаңа әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілеттері дамыды. Алдын-ала берілген сұрақтарға өзіндік дайындық болмаса, оқушы жеке қалып қоятынын сезінеді, топта жұмыс істеу үшін ой- пікірі болу керек екендігін түсінеді. Сабақтарымда «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Пікірталас», «Эссе» әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу, жазу, ойлау, іздену, ой қорыту, пікірталасқа түсу сияқты практикалық дағдыларын дамып отырып, сыни ойлауға үйретемін. Сложные предложения тақырыбы бойынша 5 жолдық өлеңге (синквейн) мысал:
1. Предложение
Яркое, содержательное, восклицательное
Составляю,определяю, соблюдаю
Мы соблюдаем все нормы литературного языка, чтобы речь была яркой.
Синтаксис.
2. Орыс тілі пәнін оқу жылының басында орыс тіліне қатысты мақалармен бастаймыз. Сол кезде 8 «а»сыныбының оқушыларымен құрастырылған 5 жол өлең.
Русский язык
Живой, удивительный, интересный.
Учит, объясняет, творит
Изучайте русский язык !
Предмет.
9 сынып оқушысы Кайролла Ардак орыс әдебиеті пәнінен А.П. Чеховтың «Хамелеон» әңгімесі бойынша өз ойын эссе арқылы жеткізді: (Шәкірттің дәптеріндегі жұмысы жинақ папкасына салынды.
«Бірге ойлаймыз, сөйлесеміз» кестесін қолданамын. Осы кестеге топ мүшелерінің есімдерін жазамын .Әңгімеге қатысты оқу мақсаты қойылады.
Топпен жұмыс кезінде мен мына мәселерге көңіл бөлемін:
Әңгіменің түрі;
Жақсы сұрақ қойды;
Қызық сын айтты немесе қарсылық танытты;
Жақсы ұсыныс айтты;
Өз пікірін өзгертті;
Жақсы нәтиже берді;
Тиісті ақпаратпен бөлісті;
Мұқият тыңдады;
Келісімге келуге тырысты.
Сыныптағы оқушылардың диалогтік оқытудағы жетістіктерін күнделікті жүргізіп, нәтижесін шығарып отырамын.
Сараптамалық жазба жұмыстарын жүргіземін, бірақ күнделікті емес. Оқушы бағасының төмен болуына басқа қателіктеріне қарағанда, сыни талдаудың болмауы көбірек әсер ететінін түсіндім. Сапалы сыни талдау тамаша орындалған жұмыс пен жай ғана орындала салған жұмыстың айырмашылығын анықтауға көмектеседі. Дәстүрлі сабақтарда мінездері тұйық, ешкіммен жұмысы жоқ оқушылардың бәрі топтық жұмыс барысында ашыла бастады. Тапсырмалар орындау барысында оқушылар еркіндікті сезініп, бір-бірімен білетін мәліметтерімен бөліседі, тақырып бойынша сөйлесуге, ақылдасып , дұрыс жауап беруге үйренеді.
Сабақтарда мүмкіндігімше АКТ-ны қолдануға тырысудамын. Оқушыларға компьтерге тапсырмалар жүктеп немесе тақтадан тапсырмаларды орындауға бергенде уақытты үнемделетінін байқадым және балаларға өте қызықты екенін түсіндім. Әсіресе АКТ-ны қолдану оқушының ойын толықтырып, жеткізуге септігін тигізеді. Оқушылар өзіндік ой-пікірлерін ашық жеткізу дәрежесіне жетеді. Өзімнің әдістемелік қызметіме сын көзбен қарап жүремін, сыни тұрғыдан мұғалімдердің де сабақтарына баға бере аламын. Күнделікті сабақтарымда жеті модуль идеяларын басшылыққа алып, жұмыс істеп , жауапкершілікпен қарауды жолға қойдым.. Негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақарыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық сабақтарда дарынды мен талантты, орташа оқитын оқушылар бойындағы қабілеттерін барынша танытуға тырыстым. Алдын- ала үйге мәтін дайындап келуге бергенде Мейрамбек деген оқушым «Ауылым» тақырыбында мәтін құрастырып келіп мені таңқалдырды. Мейрамбектің бойындағы қабілеттерінің барын байқап, оларды дамыту үшін әрі қарай жұмыс істеймін. Мен оқушыларды жұмыс барысында «тамаша», «өте жақсы» деген баға беру арқылы қызығушылықтарын одан әрі оятуға тырыстым. Әсіресе оқушыларға ақын, жазушылар туралы дерек жинағанды қатты ұнатады. Оқушылардың бірін-бір бағалауы, топ басшысының бағалауы өте әділ болды. Олар қойылған критерийлер бойынша бағалуды үйренді.
«Сложные предложения » тақырыбы бойынша критерийлер:
- с опорой на знания,умения,навыки,полученные из курса грамматики казахского языка, методом исследований и выводов могу рассмотреть новый материал в структурной системе его главных теоретических положений (5 баллов);
- могу охарактеризовать ССП,СПП (10 баллов) ;
- могу выполнить систему тренировочно-закрепительных упражнений
в распознавании и составлении ССП,СПП со всеми группами союзов (10 баллов).
Кері байланыс орнатуда оқушылардың жазған пікірлері өте маңызды рөл атқаратынын білдім. Мысалдар курстан алған кесте бойынша жинақ папкасына салынды, ал төмендегі сабақ соңында жүргізілді.
Рефлексия:
1. Какое значение для тебя лично имеют знания и умения, полученные сегодня?
2. При изучении материала ты помогал другим или тебе помогали?
3. Что вызвало наибольшую трудность?
4. Как ты оцениваешь полученные сегодня знания (глубокие, осознанные, предстоит осознать, неосознанные)?
5. С каким настроением ты изучал этот материал по сравнению с другими уроками (было интересно, не очень интересно и совсем не интересно)?
Понравился ли тебе сегодняшний урок? парақшасы арқылы жылдам анықтауды «СПП с придаточными условными» тақырыбы бойынша қолданып, оқушылардың білімін бағаладым.
Осы ұсыныстарға қарап келесі сабақтарға дайындалатын болдым. Әр сабақтардан кейін оқушыларымның өзгеріп келе жатқанын байқадым. Бұл өзгерістерді оқушылардың ата-аналары да байқғандарын ата-аналармен кездескенде айтып берді. Ата-аналармен де осы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жұмыс жүргіздім. Оқушыларым мен бірге ата-аналардың өзгергендерін байқап қатты қуандым. Бұл мен үшін үлкен өзгеріс болды. Оқушыларымның өзгергендерін мен ғана емес, барлық әріптестерім байқапты. Бұл үрдіс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге мүмкіндігін ұлғайтты.
Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Сабақ барысында өзгертулер болған жоқ. Топқа берілген тапсырмалар оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, өз менін қалыптастыруға септігі тиді. Оқушылардың сыни көзқарастары қалыптасып, сабақ соңында болған іс-әрекеттерге рефлексияны да оңай орындады. Топтық ереже сақталып, бірнеше пікірталастар орнады.
Дарынды оқушының дарындылығы, көшбасшылық айырықша көрінді. Оқушылардың сапалы білім алулары үшін, бірінші мұғалім өзі өзгеру керек екен. Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, алдымен өзімнің көзқарасымды өзгерттім. Біріншіден сабақ жоспарым мен сабақты өткізудің тәсілін, баланың еркіндіктерін шектемеу керек екендігін, оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым. Осы сабақтарда оқушылар өзін-өзі реттеуді үйренді, бірін-бірі бағалауды үйренді. Осы жылдық курстан өту барысында өзімнің өзгергенімді білдім. Ешқашан қателіктерді түзету кеш болмайтынын түсіндім. Келешекте осы алған білімімді әрі қарай ұстаздық жолымда нәтижелі еңбек етуге бағыттаймын. Заман талабына сай біз өзгеріп отырумыз керек. Өйткені әр мұғалім осы қиын да, бірақта қажетті мамандықты таңдағаннан кейін бұл жұмысқа сыни көзбен қарап, болашақта мұғалім өмірде жан-жақты дамыған, шығармашыл, бағалау тұрғыдан ойлайтын, белсенді, барлық істе көшбасшылық жүргізе алатын тұлға дайындауы керек. Келешекте осы алған білімімді әрі қарай ұстаздық жолымда нәтижелі еңбек етуіме бағыт береді-деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиет:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Тәжірибедегі рефлексия » жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы.- «НЗМ » ДББҰ.,2016ж.