«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шағын орталық - мейрім аймағы

27.04.2017

Шағын орталық - мейрім аймағы.

Педагогикалық ұжым төмендегі қарапайым ғана шындықты мойындаған кезде ғана, шағын орталық аймағы мейрімділік территориясына айналары сөзсіз. Ол - ешқашан өзіңді баладан жоғары қойма, өзіңнің қолыңнан келмейтін нәрсені баладан талап етпе! Осы бір шындықты түсінген кезде ғана, бала өзін тек тәрбие құралы ғана емес, ең қиын тапсырманы сеніп тапсыруға болатын сенімді серіктес ретінде сезінетін болады. Ең бастысы- шағын орталықты тек оқу-тәрбие ошағы деп санамай, баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезіну. Осындай мейірім мен сүйіспеншіліктің аймағы - біздің «Балапан»шағын орталығы. Сондай-ақ, ол мәңгілік балалық пен жастықтың ордасы.Шағын орталық бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Біздің мамандығымыз - бұл біздің өмір жолымыз. Біздің шағын орталықта – бұл бөлек әлем, гүлденген көгал.Шағын орталық бізге балада бар ең нәзік – бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді.Шағын орталық баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің шағын орталығымыз жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп,жасаратүсуде. 

Тәрбиеші балаға қуаныш сыилауға, талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы шағын орталық мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырды. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін шағын орталықтағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Жаңашылдық пен ізденімпаздық-міне біздің мекеменің басты ұстанымы осылар! Бұл тұрғыда жүйелілік пен ізденушілік үлкен орынды алады.Тәрбиешінің шеберлік педагогтың әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты. Педагогикалық шеберлік - өскелең ұрпақты тәрбиелеу өнері.Біздер балаға қиындығы мен қарама - қайшылығы мол өмірді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуге көмектесуіміз қажет.Оқыту барысында балалардың көру қабілетін,саусақтарының қимыл бейімділігін дамыту үшін көптеген жұмыстар жасалынады.Мүсіндеу, сурет салу, жапсыру сабақтарында қию,суреттерді жапсыру әдістерін, мүсіндеуде домалақтау, жаныштау секілді іс-әрекеттерді үйретіледі.Сурет арқылы 1-2 сөйлем мен мазмұндау беруге, түр-түстерді айыра білуге дағдыларын қалыптастырамыз. Тек тәрбиеші ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі.

Біздің балаға береріміз - махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық. 

Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің шағын орталығымыз нағыз мейірім алаңына айналғаны.

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст