«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітапхана – рухани тәрбие көзі

24.04.2017

Кітапхана – рухани тәрбие көзі

Кітапханада өткізілген қандайда болмасын мәдени көпшілік іс-шаралар оқырмандардың тәрбие алуына себебін тигізері сөзсіз. Кітапхана-рухани тәрбие іс-шарадан оқырмандарымыз теңізге тамған тамшыдай болсада тағылым алса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.

Кітапхана – жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден-бір серігіне айналуы тиіс. Ата-бабамыздың – өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.

Өткен тарихтың куәсі талай жаңалықтың жаршысы, рухани байлықтың куәсі болған осы-кітапханадағы кітаптар. Заман талабына сай кітапсыз, жаңалықсыз ешкімнің де алға баса алмасын көзіміз көріп отыр. Бүгінде көкірегі ояу көзі ашық, сауатты, білімді оқырман кітаптан рухани қажеттілігінен нәр алады. Осы рухани байлықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында, оқырманның ойын байытып, сауатын молайтып, сапалы білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие берер, ұрпақтардың өмірге деген ұстанымдарын қалыптастыруда алдарына шамшырақ ететін адамзат ақыл- ойының білім кендері кітаппен сырласатын рухани орда - кітапхана. Соның ішінде мектеп кітапханасы – мектептің қоғамдық – мәдени орталығы. Мектеп кітапханасының өз ерекшеліктері мен өзгешелігі бар. Білім ордасындағы кітапханалар жалпы кітапхана нормалары мен қағидаларын ескерсе, ең бастысы мектептің оқу-тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа алады. Бүгінгі мектеп кітапханасы уақыт талабына сай жоғары деңгейде білім алуына жас оқырмандарды тәрбиелеуде белсене көмектесуі тиіс.

Кітапхана – пайдаланушы мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан -жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу мемлекеттің ең маңызды мектеп кітапханашыларына зор жауапкершіліктер жүктеп отыр. Сол себепті де күнделікті жұмыста жаңа технологиялар туралы жалпы түсініктермен қарулана отырып, кезең-кезеңмен меңгеру уақыт күттірмес міндет.

Қазіргі таңда мектеп кітапханасы өз оқырмандарына заман талабына сай жаңа технологиялармен таныстыруда. Мектеп іс-шаралары уақытылы өткізіліп, оқырман тәрбиесіне көп көңіл бөлінуде. Кітапханашы күнделікті өзінің білімін жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі заманғы талаптарға сай болу үшін біліктілігін үздіксіз көтеруі, кәсіби дамуы ақпараттық технологияларды қолдану саласында ілімін жаңартып және кеңейту сияқты маңызды кәсби талаптар қоюда. Сондықтан оқырман психологиясы – қоғамдағы жеке адам санасындағы оқырман мен баспа өнімінің өзара қаттынасын реттеп отыратын бүгін бір құбылыс. Көптеген ғалымдар, психологтар, мұғалім зерттеулері пікірлері бойынша оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.

1.Кіші жастағылар жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.

2.Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14 -тегі жасөспірімдер.

3.Үлкен жастағыларға 9-11 сыныптардағы 15-17- дегі жастар жатқызылады.

Кіші жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан басталады кесте де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Бұл жастағыларды жайып оқиғалары бар шығармаларды беріле оқиды. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі, әңгімелерді, қарасөзбен жазған шығармаларды оқуға ынталы.

Ересек 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл шақ психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Білім беру, тәрбие істерін де бұл жасқа ынтамен ерекше қараған дұрыс. Бұл жастағы балаларды кітаптан басқа да қызықтыратын дүниелер пайда болды. Біреу спортқа ден қою мүмкін, екіншісі әнге, не басқа салаға бой ұрады. Көркем әдебиет оқығанда бала басқа салаға бой ұрады. Көркем әдебиет оқығанда бала айналысып жүрген дүниелерге кедергі келтірмейтін, әр түрлі кәсіп өнер саласындағы ұлы адамдардың бағалы әдебиет-рухани азық, қөл-көсір байлық, білім көзі екендігін түсіне білуі керек. Осы ұлағатты ұстазымыздың ақыл-кеңесін үнемі назар ұстасақ ұтылмасымыз анық.

Мектеп кітапханасының тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жүйесімен бірлесе өткізілсе құба-құп және мектептегі тәрбие жүйесінің жұмыстарымен кітапхана ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана әрқайсысының көздеген нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Нәтижесінде баланың шығармашылық қабілеті дамиды, өзін-өзі тәрбиелейді және ұжымдық тәрбиені ұтымды үйлестіреді.

Осы рухани байлық көздерін оқырман жанына жақын ете отырып, олардың бойында адамгершілік, Отансүйгіштік қасиет, экологиялық тыным – мәдениетін қалыптастыру мақсатында аталып өтілетін түрі тақырыптағы іс- шараларға үн қосып отыру кітапханада дәстүрге айналған.

Мақсатымыз-көркем әдебиетке қызығушылығын ояту, ой-өрісінің дамуы болса, міндетіміз-оқырманның қабілетін дамытып, мектептегі тәрбие жұмысына үлес қосу. Осы тәрбие жүйесіне мектеп кітапханасы көркем әдиебиетке арқылы және мәдени көпшілік іс-шаралар арқылы ықпал ете аламыз. Оқырмандардың дүниетанымен кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде мәдени көпшілік іс-шаралардың маңызы зор.

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст