Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғұбайдолла Әбдірахманұлын еске алу күні
12-сәуір күні біздің мектебіміз үшін аса ерекше күн. Себебі бұл күн мектепке есімі берілген Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз, ғажайып азамат – Ғұбайдолла Әбдірахманұлының туған күні. Мектептің 40 жылдығымен қатар келген айтулы күнді атап үшін аудандық «Мәнерлеп оқу» сайысы ұйымдастырылып, ауданның 16 мектебі белсенділік танытып, додаға қатысты.
«Мәнерлеп оқу» сайысының мақсаты:
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
- оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
«Мәнерлеп оқу» сайысының негізгі міндеттері:
- оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;
- тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;
«Мәнерлеп оқу» сайысын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. «Мәнерлеп оқу» сайысына оқыту тіліне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің 5–11-сынып оқушылары қатыса алады.
2. «Мәнерлеп оқу» сайысы 2 конкурсты қамтиды: «Сөз шеберлері» (мәнерлеп оқу, тақырыбы – мектеп, ұстаз), «Жас ақын» (мектеп, ұстаз тақырыбына өз шығармашылығынан өлең оқу)
Бағдарламаның жоспары бойынша директордың оқу жөніндегі орынбасары Тулегенова Калия Кадыровна қонақтарды мектеп оқушылары мен ұстаздардың жетістіктерімен таныстырып, көрермендерді таң қалдырды.
Директордың тәрбие жөніндегі Омарова Асемгуль Бакировна тарих беттерімен таныстыра отырып, мұражай қорын көрсетіп, тыңдаушылардың танымдарын кеңейтті.
Сәлемдесу бөлімін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Садвакасова Гульбану Сламияновна мен музыка пәнінің мұғалімі Есенгулова Тоғжан Сейткереевна
жақсы деңгейде ұйымдастырып, Ғұбайдолла Әбдірахманұлының шығармашылығымен таныстырып, қызы – Гүлбаршын, әріптестері - Усембаева Майра Жетпісбайқызы, Байдусенов Ерлан Рашидұлының естеліктерінен бейнекөрсетілім ұсынылды.
Мектеп директоры Мейрамова Гульсум Жумагалиевна өткізіліп жатқан шараның маңыздылығы жайлы сөз қозғап, мектептің 40 жылдық мерей тойына арналған шараларды атап өтті.
Қызы Гүлбаршын әкесінің өсиет сөздерін еске алып, мектептің жетістіктеріне қуанышты екенін білдіріп, мерейтоймен құттықтады.
Қатысушыларды Запоржье орта мектебінің директоры Байдусенов Е.Р., ардагер-ұстазымыздың кызы Гүлбаршын, аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Ергалиева А.Е. бағалады.
Нәтижесінде келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
«Сөз шебері» |
«Жас ақын» |
1-орын: Асан Габдулуасих Остров ОМ |
1-орын: Аканова Меруерт Ғ.Әбдірахманұлы атындағы ҚОМ |
2-орын: Бүркітбай Жанел Запорожье ОМ |
2-орын: Кошеков Бекзат Жақсы №1ОМ |
2-орын: Рамазанов Ерсайын Ғ.Әбдірахманұлы атындағы ҚОМ |
2-орын: Ахметов Ержан Өскенбаев атындағы ҚОМ |
3-орын: Шимирова Аяулым Жақсы №1ОМ |
3-орын: Қазалы Айгүлім Ишимское ОМ |
3-орын: Ревун Виолетта Калинин НМ |
3-орын: Серікова Мөлдір Запорожье ОМ |
3-орын: Калдарбекова Диана Өскенбаев атындағы ҚОМ |
3-орын: Искакова Салтанат Остров ОМ |
«Көрермен көзайымы» номинациясы Святненко Сергей Лозовое ОМ |
«Сөз зергері» номинациясы Мелешкина Наталья Алғабас НМ |
«Сөз зергері» номинация Бахтиярова Гүлнар Подгорное ОМ |
|
Жақсы ауданының білім беру бөлімінің басшысы Саутова Ақжарқын Султановна сайысты қорытындылап, марапаттау рәсімімен аяқтады.