Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ойлы сөз, жақсы сөйлеу баланың
өрісін кеңейтсе, сауатты жазу ынта
ықыласы мен мінез құлқының да
дәнекері.Сондықтан бұл екеуінің
таразысы тең болғанда ғана ұстаз
еңбегінің бағы жанады.
А. Байтұрсынов
Оқу- тәрбие жұмысында оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша, жазбаша жеткізе білуге үйрету- алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі. Бұл жұмысты қалыптастыруда диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарының маңызы зор.Сауатты жазуға үйретуді оқудан бөліп қарауға болмайды. Оқуға үйретудің алғашқы күнінен бастап жазуға да қойылатын талапты естен шығармау керек. Әліппе кезеңінде алған білімдерін пысықтап, оқу және жазу дағдыларын дамыта түсу мақсатында арнайы мағлұмат берілген. Бірақ бұл мағлұматпен шектелмей, балалар кітаптарынан, журналдардан өлең, ертегі, әңгіме оқытып жазғызған жөн. Сауатты жазуға төселдіру үшін де үлкен ізденіс, шеберлік керек. Бұл жұмыс жеңілден ауырға қарай күрделеніп отырады. Алғашқы сабақтарда дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны көп сөзді естіп жазуға төселдірген дұрыс. Сауатты жазудың негізі сауат ашу кезеңінде қалыптасады. Бұл жұмыс шығармашылықпен ұштастырылғанда ғана оқушы сауатты жазуға төселеді. Осы мақсатта оқу белсенділігін арттыратын әріптік, буындық үлестірмелі материалдар пайдаланып, берілген сөздерді талдап, оқытып, ауызша дииктант жүргізуге болады. Ауызша диктант арқылы құралған сөзді тақтаға жазып, қатесіз көркем етіп дәптерге жазғызып, оны оқытып, тақтамен салыстыру керек. Үйрету диктанттары жеңілден басталып, біртіндеп күрделенеді. Бір- екі әріпті үйретісімен сабақ сайын үйрету сауатын ашып, естуін дамыту керек.
„Талапқа бап та керек, бақ та керек” дегендей бастауыш сыныптан бастау алар білім бұлағының көтерер жүгі толағай. Олай болса жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы күшіміз қажырлы, талабымыз толымды болсын дейміз. Болашақта тек сауатты ұрпақ қана жол бастайды.