«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12-сәуір ғарышкерлер күні

13.04.2017

Кеше мектебімізде 7- 9 сыныптарға арналған «12-сәуір ғарышкерлер күні» атты тақырыбында әңгіме өткізілді.

Мақсаты: Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу

Туған жерді сүю -парыз,

Сүю үшін білу –парыз.

Қасиетін ұғу –парыз,

Күзетінде тұру-парыз.

(Мұзафар Әлімбаев)

Әубәкіров, Тоқтар Оңғарбайұлы - Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы 1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минөт.

Марапаттары:

- Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы;

- «Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы» атағы;

- «Отан» ордені 1995 жыл;

- Кеңес Одағының: «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені 1987 жыл;

- «Герой Советского Союза» (Кеңес Одағының Ері) атағы 1988 жыл;

- «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медальі 1988 жыл;

- «Ленин» ордені 1988 жыл;

- «Заслуженный Летчик – испытатель СССР» (КСРО еңбегі сіңірген сынаушы ұшқыш 1990 жыл;

- «Летчик – космонавт СССР» (КСРО ғарышкер – ұшқышы) 1991 жыл;

- «Октябрьская революция» (Қазан революциясы) ордені 1991 жыл;

- Ресейдің: «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдызы) 1995 жыл;

- Австрия Республикасының: «Алтын Крест» ордені 1988 жыл;

- «Алтын Крест» ордені 1993 жыл.

Талғат Мұсабаев

Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиеті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан. 1994 жылы ғарышқа бірінші рет ұшқанда (Союз ТМ – 19) 126күн ғарышта өткізген.

1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдын ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.

Ұшқанда американ ғарышкері Л.Эйартс пен Ресей ғарышкері шуваш ұлтының өкілі Николай Батуринмен бірге. 2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда (Союз – ТМ – 32) 8 күн ғарышта өткізген.

Марапаттары:

- Қазақстанның «Халық Қаһарманы» атағы (1995);

- «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» атағы (1995);

- «Отан» ордені (1998);

- «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені;

- «Астана» медалі (1999);

- Ресей Федерациясының «Дружба народов» ордені (1991);

- «Герой Российской Федерации» атағы (1994);

- «Лётчик-Космонавт РФ» (1994);

- «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998);

- «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені;

Аустрия Республикасы: Аустрия Республикасының ордені;

Америка Құрама Штаттары: «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998).

Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған облысы, қазіргі Алматы облысы Талдықорған ауданы Заря Коммунизм ауылында (қазіргі Өтенай ауылы) туылған.

1989 жылы және 1993 жылы «ұшқыш - инженер» біліктілігін ала отырып, Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін аяқтады. 2002 жылы 9 қарашада ресейлік өкілдердің қатысуымен Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды іріктеу бойынша ҚР Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық комиссия отырысында А. Айымбетовті Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағына енгізу ұсынылды.2012 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысымен А. Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді.

Марапаттары:

- «Халық қаһарманы» атағы (14.10. 2015) ;

- Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі: «Отан» ордені (2015).

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.

Жырға бөле әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер

Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған әңгімемізді аяқтаймыз.

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст