Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
- Қайырлы күн құрметті қадірменді қонақтар мен оқушылар!
- Ақтарған сәтте сарғайған тарих беттерін,
Сезіндім мен де өткен күндердің көктемін.
Жатырқамастан жаныма жылу сепкенің,
Жүрегі дархан, мерейлі менің мектебім!
Ауданға үздік танылған мектебі ең,
Ұрпаққа тарих болады сенің өткенің.
Қырық жылда жеті өткелді өткердің,
- Біздің мектебіміздің 40 жыл мерей тоына қарсы бүгін «Мектеп тарихы біздің тарихымыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
- Балалар, біз 1-кыркүйекте қайда келдік?
- Мектепке
- Дұрыс –ақ, Мектепке біз қандай мақсатпен келдік?
- Білім алу үшін.
- Біздің мектебімізге кімнің аты берілген?
- Ғұбайдола Әбдірахманұлы атындағы мектебіміз
- Cонымен балалар білесіздер Қазақстанның әрбір ауылында бір-бір ізгілік мекені бар. Ол-мектеп. Қарт та, жасымыз да, әке де, ана да, әкім де, қара да бұл мекеннің алдында мәңгілік қарыздар.
- Ендеше балалар, биыл біздің білім ордамызға 40 жыл толып отыр.
Тарихымызға жүгінсек 1977 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып келеді.
Әбдірахманов Ғұбайдолла Әбдірахманұлы 1925-жылы 12-сәуірде Торғай облысының Қима ауданындағы Еркіндік ауылында дүниеге келді.
Жетіжылдық мектепті тамамдағаннан кейін Макинск ауданының Капитоновский колхозында егін бригадасының есепшісі болып 1940-жылы еңбек жолын бастаған еді. 1942-жылдың тамызынан 1943-жылдың 8-ақпанына дейін туған жері Еркіндіктегі бастауыш мектептің мұғалімі болып қызмет атқарды да армия қатарына алынады.
(Арықарай марқұмның өзінің 1995-жылғы жазбаларынан алынған өмірбаянын өзгеріссіз алдым тыңдап көріңіздер):
Мен Әбдірахманов Құби құжаттар бойынша Әбдірахманұлы (ал шын атым Ғұбайдолла) Алматы қаласындағы Панфилов атындағы парктің күн шығыс жағында, офицерлер үйімен қатар 2 этажды үйде орналасқан Алматының жалпы әскерлік (общевойсковой) училищесінде 6 ай курсант болдым. 6 айдан кейін оқуды аяқтатпай училищенің курсанттарын Иваново облысы Тейково қаласына әкеліп түсірді. Бұл жиналғандардан 8 бригада ұйымдастырылды.
1946-жылы майдың 4 күні аман-сау әке-шешеме оралдым, оларда баладан мен жалғызбын, аман-есен келуім кәрі әке-шешемнің көз жасы қабыл болып, құдайдың сақтағаны шығар деп ойлаймын.
1947-жылы әйел алдым, екі ұл, алты, қыз тәрбиелеп өсірдік, бәріне де жоғары білім алуға көмектестік, үлкен ұлым үйленген, бірге тұрамыз, 13 жиен балаларым бар, кіші ұлым Қарағандының торгово-кооперативный институтының коммерция факультетінің үшінші курсын бітіреді.
Соғыстан кейін Ақмоланың мұғалімдер дайындайтын училищесін бітіріп, 1955-жылы КазГУ-дың тарих факультетіне түсіп, оны 1961-жылы бітірдім.
1972-жылы 10-мартта Жақсы ауданынан Қима ауданы бөлініп жеке аудан болғанда, туған жеріме оқу бөлімінің меңгерушісі болып келдім. Пенсияға Қиманың № 2 орта мектебінде тарих, география сабағының мұғалімі болып жүріп 1985 жылы шықтым.
Қима аудандық әкімінің қаулысы бойынша 1993-жылғы 17-майдан бері аудандағы мемлекеттік архивтің директоры болып жұмыс істегелі де екі жылдай болып қалды».
Ғұбайдолла Әбдірахманұлы ардақты ата, аяулы әке, абзал жар болуымен қатар өлең шығарып, өзінің өмірге деген көзқарастарын жазған.
- Ендеше балаларымыз, бүгінгі біздің осы тақырыбымыз бойынша өлең жолдарын арнағылары келеді.
(әдеби монтаж)_____________________________________________
- Және де балаларымыз мектебімізге арнап жазып келген шығармалын тыңдап көрелік
Келесі кезегімізде осы мектепте көп еңбек сіңірген, мектебіміздің құрметті ұстазы Суменова Нуржамал Каражигитовнаны бүгінгі тәрбие сағатымызға шақырып отырмыз.
- Сөз кезегін мектебіміздің – Суменова Нуржамал Каражигитовнаға береміз.
- Балалар қояр сұрақтар болса кезекпен қоюларынызға болады.
- Балалар ендігі кезекте видеороликті көрулеріңізге ұсынамын.
- Сонымен балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорыта келе мынадай сұрақтарға жауап беріңіздерші.
Сұрақтар:
1. Мектебіміз қай жылы ашылды?
3. Мектептің табалдырығын ең бірінші болып аттаған шәкірт кім?
4. Қазір мектепке кім басшылық етіп отыр?
5. Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі қайда орналасқан?
- Сонда бізге мектеп не үшін керек?
- Ойын «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді. Сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
5. Оқушылар мектепке тілектерін постерге түсіреді.
- Ғұбайдолла Әбдірахманұлының бір қолжазбаларының ішінен балалар сіздерге арнап жазған тілектерін тауып алдым. Онда былай деп жазылған екен: «Бүгінгі оқушыларға тілейтінім:
- бастысы – денсаулық, еңбексүйгіштік, жалқау болмаңдар. Адам денсаулығына және тұрмысына пайдалы қозғалыстар жасаңдар, көп ұйықтамаңдар, сапалы еңбек пен оқумен айналысыңдар, айналадағыларға кеңпейіл болыңдар, өздеріңді тәртіпті ұстаңдар, ешқашан, ешкімге дөрекілік көрсетпеңдер. Сонда барлығың керемет өмір сүресіңдер» деген екен. Мектебіміздің ұстаздары да, оқушылары да Ғ.Әбдірахманұлы есімімен аталған білім ордасын мақтан етеміз. Және мектебіміздің мәртебесі одан әрі өсе беруін қалаймыз ия балалар.
- Ол үшін әр оқушы Құби атамыздың жоғарыда айтылған тілектерін жадында сақтаулары керек. Сонымен мектебіміздің мерейтойы құтты болсын, жылдан-жылға шәкірттеріміз, мектеп бітіруші түлектеріміз мектебіміздің мерейін биікке көтере берсін! «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» демекші, қандай қиындық болмасын бәрін жеңіп, тек биік шыңдардан көріне беріңіздер!
Біздің зейнеткер ұстаздарымыз аман болсын! Жүз жасасын! Әр уақытта сіздерге бас иеміз!
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Ден қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!