«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бисермен кестелеу

04.04.2017

9 сынып. Технология сабағы.

Сабақтың тақырыбы: Бисермен кестелеу.

Бисермен гүлді кестелеу (жеке, дара жұмыс)

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға бисермен кестелеу туралы түсінік беру. Бисермен кестелеу әдістерін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қаблетін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, ынтасын арттыру.

3. Тәрбиелік: Халқымыздың қол өнерін сүйе білуге, қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Қауіпсіздік техника ережелерін есте ұстау.

Сабақтың түрі: пәнаралық байланыс (сызу, математика, тарих)

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Түс айырмашылығы, жіп бағыты, кестеленген дайын бұйымдар.

Сабақтың барысы:

· Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып,түгендеп шығу.

· Үй тапсырмасын сұрау: Балалар өткен сабақта біз қандай тақырыппен танысқан едік? Бисер тоқу және кестелеу әдістерімен.

· Өткен сабақты қайталау үшін «Қоржын алу» ойынын ойнаймыз. алдарыңда қоржын. Бұл қоржынның ішінде ғажайып нәрсе бар. Бұл не екенін көру үшін өткен тақырыпқа байланысты қоржыннан алынған сұраққа жауап берсіңдер, қоржынның аузы ашылып, ғажайып нәрсе көресіңдер.

· Қоржынды ашқысы келген балалар өздерімен бірге үйде жасаған жұмыстарыңды ала шығыңдар.

Балалардың үйге берілген жұмысын тексерген соң, қаржын аузын ашуға рұқсат беріледі.

Қоржынды ашуға арналған сұрақтар.

1. Кесте тігу үшін қандай маталар пайдаланады?(мақта мата,сиса,кенеп,жібек)

2. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн?\жіңішке ине мен кесте жіп\

3. Бисермен кесте тігу үшін қандай ине алған жөн? \бисермен моншағына арналған жіңішке ине\

4. Тігістің қандай әдісі бойынша тігіледі? \инені алға шаншу әдісі бойынша\

5. Кестелеу үшін қандай құрал керек? \қайшы, жіп, мата, кергіш ине\

· Ал енді, балалар, қоржын аузы ашылып, сұрақтарға сүрінбей жауап бердіңдер. Ішінен вазадағы «Гүл шоғы» шығады.

o Ой, керемет, балалар! Нені көрдіңдер? Суреттеп беріңдер.

o Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл вазадағы гүл шоғы. Гүлдің әдемі, түрлі- түсті бисерлермен әсемделіп, тоқылған түрін көріп отырсыңдар.

o Сонымен, қоржынды ашқанда қандай әсер алдыңдар?

o Балалар, табиғи гүлдердің әрқашанда адамның көңіліне қуаныш сыйлап, көңіл -күйіне әсер ететіні анық. Ал, өнер иелері осы гүлдерді әр түрлі тәсілмен бейнелей білген ғой. Гүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлығының құрамында хош иісті заттар мен дәрумендер, эфир майлары, бояу заттары бар. Сондай -ақ медицинада дәрі -дәрмек жасау үшін қолданылады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Нақ қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың жаңа сатысында. Су моншақтан тоқылған бұйымдардың түрлері өте көп.

Су моншақтан жасалған бұйым түрлері

Су моншақпен жұмысымызды бастамас бұрын ең алдымен жұмыс орнымызды реттеп алайық.

Су моншақты пакетте сақтау қажет. Су моншақтың әр түрлі түстерін араластыруға болмайды. Жұмыс кезінде су моншақтың астына мата төсеген жөн. Матадан су моншақты инемен алу оңай және олар жан-жаққа төгілмейді. Су моншақпен жұмыс жасағанда түс және композицияны ұмытпаған жөн.

Негізгі түстер ашық, ақшылт және күңгірт болып келеді. Мысалы: жасыл бояу – жарық, қызыл, көк бояу күңгірт. Бисерден сүйкімді бояулар алу үшін түстер таңдай білу керек.

Сумоншақпен жұмыс істеген кезде отырған орны жайлы, жарық болу керек. 30-40 минут жұмыс істеп дем алған дұрыс, 15-20 минут демалған жөн. Орнынан тұрып терезеге қара, бұлшық еттеріңе жаттығу жаса, бөлменің ауасын желдету маңызды.

Маржанмен бұйым жасағанда бір-біріне тығыз іліну керек. Жіпті қатты тартуға, керісінше бос қоюға болмайды. Бұйым тегіс түспейді. Егер бұйымнан қате тапсаңыз, ЕРІНБЕҢІЗ, сөгіп қайтадан қатеңізді түзеңіз.

Су моншақпен тоқудың ең көп тараған түрі – параллельді тоқу. Су моншақты таңдау – үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері, түстері әр алуан. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты бисердің қандай түрін қанша мөлшерде алуды, қандай түсін алуды, тігілетін мата түрін, ине, жіпті таңдай білу қажет.

Су моншақпен жұмыс істеу шыдамдылықты, нәзіктілікті, әдемілікті, фантазия мен шеберлікті талап етеді.

Бисермен тоқу ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнердің түрі. Ежелгі египет, Үнді елінен шығып, кеңінен қолданылған. Бисер сөзінің түп төркіні «Бусра» «Жалған маржан» сөзінен шыққан. Египеттіктер «Бусра» деп атап, бізге келіп, «бисер» - ұсақ моншақ болып айтылған. Сондай-ақ біздің ата-бабаларымыз да киімдерді әсемдеуде қолданып отырған

Тек қана ұлттық киімдерде ғана емес түрлі әшекей бұйымдарда да кеңінен қолданылып келеді. Бисер тоқу шеберлері дайындаған мына суреттерді қарап өтейік.

Балалар, мына суреттерді қарап отырып, керемет өнердің куәсі болып отырмыз. Бұл деген қандай еңбек, шыдамдылықты, төзімділікті талап етеді. Балалар еңбекке, өнерге, шыдамдылық қасиетке байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз? Ендеше, балалар осы өнерді біз де үйреніп көрейік.

Бисер тоқудың әдістері:

1. Параллель тоқу

2. Тігінен тоқу

3. Айналдыра тоқу

Бүгінгі сабағымызда ұсақ, түрлі-түсті моншақтармен және сымның көмегімен гүл күлтесін жасауды үйренеміз. Осы гүлдердің ішінде дала гүлі інжу маржан гүлін ұсақ моншақтарда жасап үйренеміз. Бұл гүлдің күлтесі, жапырақтары үшкіл түсі қызғылт сары, алқызыл т.б болып келеді. Бұл гүлдердің күлтелері бес-бестен. Осындай гүл жасап үйренейік. Ол үшін бізге мыналар қажет: 1 Түрлі – түсті ұсақ моншақтар 2. Жіптің жуандығындай мыс сым. 3. Қайшы және безендіруге байланысты құралдар. Қолданылатын әдісіміз параллель тоқу. Алдымен қауіпсіздік ережесін қайталап аламыз.

Техникалық қауіпсіздік ережелер:

1. Сымды, лесканы, сумоншақты ауызға салуға болмайды;

2. Сымды, лесканы қайшымен қияды;

3. Сымды көзге жақын ұстамайды;

4. Жұмыс орнынды таза ұста.

5. Қайшыны ұшымен беруге болмайды.

6. Қайшыны қайшылауға, лақтыруға болмайды.

7. Қайшыны ауызға салуға болмайды.

8. Қайшыны жерге тастауға болмайды.

9. Қайшымен ойнауға болмайды.

10. Майысқан, тот басқан,сынған қайшымен жұмыс істеуге болмайды.

11. Қайшыны сөмкеге салар алдында аузын бекітіп, ұшын төменге қаратып салу керек

12. Сымды ауызға салуға болмайды.

13. Сымды лақтыруға болмайды.

14. Сымды қайшымен қию керек.

15. Бисерді ауызға салуға болмайды.

16. Бисерді лақтыруға болмайды.

Бисермен гүл тоқуды түсіндіру.

Әр оқушы бір күлтеден жасап, 1-топ 1 гүл жасау.

Тест

Бисер неден жасалған?

А) Ағаш

Б) Шыны

Бисер түрін тап

А) Ағаш

Б) Стеклярус

Бисерді алғашқыда қалай атаған? А) Бусра Б) Бисер Қайшымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады? А) Қайшымен ойнайды Б) Қайшымен ойнауға болмайды Сыммен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады? А) Сымды қайшымен қияды Б) Сымды тіспен қырқады Желіммен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесіне қайсысы жатады? А) Желімді ауызға салуға болмайды Б) Желімді төгу керек

Сарамандық жұмыс.

Вазадағы гүлді кестелеу үшін түс айырмашылығын білуіміз керек. Тақтадағы суретке қараңдаршы, гүлдің түсі қандай?\Қызыл\

Егер зер салып қарайтын болсаңдар, қызыл болғанымен әр түрлі түсті көруге болады.\ақшыл жасыл, сарғыш қызыл, күңгірт қызыл\. Жапыраққа назар аударсақ, олардың да әр түрлі түстер көруге болады\ақшыл жасыл, сарғыш жасыл, көгілдір жасыл\. Сонымен бірге сендер жіп бағытын білулерің керек. Ол мына плакатта көрсетілген. Сарамандық жұмысты жасағанда тиянақтылық пен ұқыптылықты естеріңде сақтаңдар. Қауіпсіздік техника ережелерін естен шығармаңдар!

Қорытынды.

· Гүл туралы қандай ақынның өлеңдерін білесіңдер? Бір шумағын айтыңдар.\оқушылар кезектесіп айтады\.

· Ал, енді гүл туралы қандай ән білесіңдер? \М.Шахановтың «Туған күн» әнін және жастардың «Аппақ гүлдер» әндері орындалады\.

Үй жұмысы. «Гүл шоғы» жұмысын кестелеп келу.

Просмотров: 1125

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст