Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің педагог-психологы Турдахунова А.Қ. «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны » атты тақырыбында біліктілікті арттыру курсын Алматы қаласында оқып келдім. Осы курста өзіме көп керекті ақпарат алдым. Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі. «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық көмек көрсету туралы» ҚР-ның Заңдарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамаған емес. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі, жарымжан жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.
Мүмкіндігі шектеулі жанды көргеніңде аяушылықпен қарап, бүгініңе шүкіршілік етесің. Ал олардың хал-ахуалын, жүрек түкпіріндегі күйзелісін біз қанша ойланып, тебіренсек те жеткізе алмасымыз хақ.
Ал осы мүмкіндігі шектеулі жандар тек қоғамдық қамқорлықпен ғана емес білім беру саласында да басты назарда. Мұндай жарымжан жандар оң солын танып, білім алып, толықққанды азамат болуы үшін білім беру саласы да өз мүмкіншілігіне орай біліммен қаруландыруда.
Инклюзивтік оқыту қазіргі кезде білім беру саласына етек жайып келе жатыр, бұл дегеніміз сапалы білім алудың барлығы үшін тең болуымен ескеріледі.
Яғни, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне арнайы мектеп-интернаттарда білім алады.
Біз еңселі ел ретінде қоғамдағы жайттарды басты назарда ұстауымыз керек.
Ең алдымен мүгедек, жарымжан балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасау қажет. Сондықтан осындай кемшіліктерді анықтайтын шағын кабинеттер ашып, арнайы жұмыс жүргізіп, әр баланың қабілеті мен даму мүмкіндігін анықтаса, оларға арнайы түзету жұмыстарын жүргізіп, үй жағдайында өсіріп тәрбиелеуде ата-анаға ақыл-кеңестер берілсе бұл да мүмкіндігі шектеулі балалар үшін атқарылған игі істің бірі болар еді.
Мұғалім білім беру ісінде әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың анақтамасына қарай жұмыс жүргізсе бұл да түзету жұмысының бір қыры болары сөзсіз.
Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық орталықтарды көптеп ашылса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді.
Сонда ғана даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшауоқып, білім алғанын қалар дейсің...
Бар тәттісін аузына тосып, бар мүмкіндігін баласына сарп ететін ата-ана өз баласының денсаулығын, болашағын бәрінен жоғары қойып түн ұйқысын төрт бөліп, күйзелетіні, айналасына көрсетпей еріксіз көзіне жас атыл, бұлай неге болды деп сарқ ұратыны кімге болса да белгілі. Сондықтан даму мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан қалдырмай, олардың қоғамда бейімделуіне ат салысу қай азаматтың болса да, қай елдің болмасын басты парызы.