«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үштілділік - көптілді меңгерген тұлға қалыптастыру құралы

18.03.2017

Үштілділік - көптілді меңгерген тұлға қалыптастыру құралы

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үштілді еркін меңгерген, көп мәденилік тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында тілдерді үйрену ісіне ерекше көңіл бөлінуде.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.

Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үштілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі – ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалыптасқан осы қағидаға түзетулер енгізуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр. Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет.

Мемлекет басшысы: “Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады” деп сендірді. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, — деді.

«Көптілділік» термині (татар тілінде – күнтеллелек, ағылшын тілінде – multilingualism, mehrsprachigeit) орыс тілінен шыққан, қоғамда әртүрлі тілдердің таралуы, жеке тұлғалардың бірнеше тілдік құралдар арқылы сөйлесу мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Біздің республика көптілді болып табылады, өйткені мұнда жүзден астам халықтар және Ресейдегі 130 ұлттардың өкілдері өмір сүреді. Ал бүкіл әлемде 3 мыңға таяу тірі тілдер бар деп саналады. 

Бұл жөнінде ғалым Н.Уәлиұлы: «...Ең алдымен, мемлекеттік тілдің үш тағаны (басқару, ақпарат, ғылым-білім саласындағы қызметі) түгелденуге тиіс. Үштұғырлы тіл формуласында ең бірінші осы мәселе шешімін табуы қажет және мемлекеттік тіл жоғары деңгейде болғаны абзал. Өйткені қазақ тілі мемлекет құрушы этностың тілі, мемлекеттің бірден-бір тірегі деп күллі Қазақстан жұртшылығы мойындағандықтан, Ата Заңымызда конституциялық мәртебе алды. Сондықтан оның тағдыры жөнінде жауапкершілікті, әлемдік қауымдастықтың алдында, ең алдымен мемлекет өз мойнына алуы тиіс», - деп атап көрсетеді. Жалпы адам неғұрлым көп тілдерді білген сайын, соғұрлым мүмкіндіктері де арта түседі. Өз ана тілінен басқа бір шет тілді меңгерген адамның келесі тілдерді меңгеруі әлдеқайда жеңіл болатынын психолог ғалымдар дәлелдеген. «Қандай да болмасын бір өзге тілді білетін адамға екінші тілді меңгеру біріншіге қарағанда айтарлықтай жеңіл және тез болады. Себебі, бірінші өзге тілді меңгергенде, адамда ана тіліне қосымша үйренуші тіл сезімі қалыптасады, сонымен қатар, жалпы тіл ерекшеліктерін айыра білу қабілеті дамиды, осы қабілеттің арқасында адам тек қана үйренетін тілдің емес, жалпы тілдердің арасындағы ерекшеліктерді айыра алады» . 

Тілдік пәндерді оқу барысында оқушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көптүрлілігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді.

Сонымен қатар бастауыш сынып пәндерін оқытуда қазақ-ағылшын тілі және қазақ-орыс тілі екітілділік элементтерін біртіндеп енгізу жоспарлануда. Көптілді білімнің дамуына байланысты қазақ-орыс-ағылшын тілді ортаны кеңейту қажеттілігі туындайды. 

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Көптілді болу – уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады. Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі – адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі.

Қазіргі заманда әсіресе ағылшын тілін пайдалану қажеттілігі туып отыр: онсыз халықаралық қарым-қатынас, жаңа технологияларды меңгеру мүмкін емес. Ғылым мен техника салаларының бірқатарында ол біртіндеп кезінде орыс тіліне тиесілі болған кеңістікті алып келеді.

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мақсаты мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді.

Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту міндеттелген. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр. Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Хасенов Ә. Ті л білімі.- Алматы: Ер-дәулет, 2003.

2. Нұртазин Т. Сөз құдіреті.- Астана: Ер-дәулет, 2007.

3. Әлімбек Г. Қазақ тілі.- Астана: Ер-дәулет, 2007.

4. Құрманбайқлы Ш. Терминтанушы құралы(Сөздік-оқулық) .- Астана:Ер-дәулет, 2007.

5. Тіл туралы толғам.Құраст./ Д.Дүйсебай.- Астана:Ер дәулет, 2007.

6. Қапасова Б.Қ. т.б. Қазақ тілін жедел оқыту.- Астана: «Арман-ПВ», 2009.

Просмотров: 405


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст