Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 14-наурыз күні жалпы мектептік ата-аналар жиналысы «Балалар және жасөспірімдердің қылмысына жоқ» жобасы аясында өткізілді. Мақсаты жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Мектепте кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Омарова А.Б.
2. Мектеп формасының үлгілерін талқылау.
Омарова А.Б.
1-сұрақ бойынша Омарова А.Б. тәрбие жұмысындағы құқықтық білім беру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі өте күрделі мәселелерді шешуде жаңаша ойланыстарды талап етуде. Демек, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға байланысты, әлемдік денгейде, өркениетті негіздегі тәрбиелік, үлгі-насихаттық іс-шаралар қоғамының әлеуметтік-экономикалық даму бағытында туындайтын өзгерістерді тез сезіп, білім-тәрбие беру ғаламдық мәні бар мәселелерге бейімдеуге ыңғайланып отыруы қажет. Онсыз мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі өз дәрежесінде нәтижесін бермейді.
Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет екенін айтты.
1-сұрақ бойынша қабылданған шешім:
Ата-аналар тарапынан оқушылардың бос уақытын қадағалау мақсатында күн тәртібін сапалы ұйымдастыруды талап ету.
2-сұрақ бойынша ата-аналар назарына «Sens Fashion» компаниясының үлгілері ұсынылды. Компания мүгедек балалар, көпбалалы, жағдайы нашар отбасы балаларына 20 % жеңілдік береді.
2-сұрақ бойынша қабылданған шешім:
Әр сынып ата-аналары осы сұрақты жеке қарастырып, ортақ шешімге келу.