Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан – жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі. Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата – ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты – жан – жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру. Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлуіміз керек. Себебі, тілі жетік оқушы кез келген жерде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ал тілі дамымаған оқушы біліп тұрғанының өзін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады. Оқушының мұндай қиналысқа душар болуының бір ұшы бастауыш сыныпта балалардың жылдам оқу дағдысын қалыптастыру үшін минутпен оқыту дағдысы кеңінен қолданылады. Осы бастауыш сыныптың кезеңінде баланы жылдам оқуға қалыптастырумен қатар түсініп оқуын қадағалап отыру маңызды. Себебі оқушы мәтінді түсініп оқымай, әйтеуір тез оқысам деп құрғақ оқуы үлкен қателікке соқтырады. Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуде күтілетін нәтиже – тіл байлығы мол, кез келген ақпаратты сараптай алатын және осы ақпарат бойынша өз ойын білдіріп, қорытынды жасай алатын, қандай да болмасын қиын істердің шешімін таба білетін, жұмыс үрдісі нәтижесіне қарай бағалай білетін, өз ойларын, бастамаларын тәжірибеде қолдана білетін, ойы жүйрік, таңқаларлық жаңашыл ойлар айтып, жаңалықтар ашатын сезімталдығы жоғары, эстетикалық, рухани құндылықтар иесін таба білу.
Дарынды балаларға қызмет етуден жалықпайық, ұстаздар! Әріптестерімен тәжірибе алмастыру арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейімізжоғарылай берсін демекпін.