«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабырлылық пен ұстамдылық

02.03.2017

Мектеп:  Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі

Тақырып:  Сабырлылық пен ұстамдылық           

Құндылық: Дұрыс іс әрекет   Қасиеттер: мейірімділік, төзімділік, ізгілік

Мұғалiм: Рахметова А.Қ.       Сынып: 5 «А»       Оқушылар саны: 23

 

Сабақ мақсаты:  Окушыларға сабырлық

пен ұстамдылықты ұғындыру арқылы дұрыс іс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мейірімділік,

төзімділік, ізгілік қасиеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Оқушылардың мейірімділік,төзімділік,ізгілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өзін құрметтеу, өзіне деген

сенімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар,мәлiметтер, нақыл сөздер, бейнефильм, плакат)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.  Сәлемдесу

 «5 Т» еске түсіріп, тәртіпке шақырып,

сабаққа   қажетті  құрал-жабдықтарын түгендеу. Тәртіп  Талап Тыныштық Тазалық Татулық

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады  

«Сабырлы және ұстамды болу».

-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе

үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

        

- Ішімізден сабырлы болу жолдарын

ойлаймыз.

«Менің сабырлы, ұстамды болғым келеді. Мен үйде де,аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.

Ақырын басып, баппен сөйлеп келе жатқан өзімді сыртымнан көріп тұрамын. Ол сондай жарасымды, тартымды екен. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды.»

 2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үй тапсырмасына

78 беттегі №22 тақырыптағы аңыз әнгіме берілген

«Сабыр

түбі -  сары алтын»

Мәтін  бойынша пікір алмасу сұрақтары:

1. Екі патша неліктен келіспей қалды?

2. «Сабыр түбі - сары алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Балалардың жауаптарына

сүйене отырып қорытындылаймын

 

 

3. Дәйексөз.

 

Сабырлы жетер мұратқа                                                                 

(халық мақалы)

Ұстамдылық – әдептің ұстазы,

Ұстамсыздық – әлектің нұсқасы.

(халық мақалы)

     

Сабырлық пен ұстамдылық – адам

бойындағы

жағымды қасиет. Басқаның сөзін байыппен тыңдайтын,өз ашуын тежей

білетін,әр

ісін ақылмен шешетін адам.

 

 

 4. Жаңа ақпарат

        Әр нәрсенің байыбына

барып, ақылға салып, өзін-өзі ұстай білу – сабырлылықтың белгісі.

   Қандай жағдайда болмасын қызбалыққа

салынбай, шыдамдылық танытып, өз ісіне байсалдылықпен қарау

– ұстамдылықтың белгісі.

 

   

6. Әңгімелеу.  Сұхбат. 

Сабырлылық дәні

Аңыз

әңгіме 

    Ертеде арабтың шөл даласында жағдайы ауыр бір отбасы өмір сүріпті. Олар отырықшылдыққа қарағанда, дала кезіп айдалада тұрғанды ұнатады екен.Бұл

отбасы өзінің күн көрісне шүкіршілік, өмірдің қиындығына сабырлық етіп ғұмыр

сүріпті.

Сол жылы осы өлкеде қатты қуаңшылық болып,шіліңгір ыстыққа жан баласы

шыдамапты. Үйдегі бала-шағаның іштеріне ыстық түсіп,ауырып науқасқа

ұшырайды. Азық та, су да таусылады.Соңында бір-екі бидайдың дәні мен тек бір адамның шөлін басатын су қалыпты.

 Сонда да ерлі-зайыптылар қиыншылыққа

төзімділік, шыдамдылық, сабырлық танытып үміттерін үзбепті. Бір күні алыстан бір

қара көрініп, арып-шаршаған біреу келеді.Келуші шөлде адасқан,бір мүсәпір

екен.

Үйге жете бере «Су, су!»- деп құлап түседі. Өздері қиын жағдайға душар болған ерлі  - зайыптылар «Бір адамды тірілткен, бүкіл адамзатты тірілткенмен пара - пар» деп, қалған бір жұтым суын жаңағы мүсәпірге ішкізеді. Мүсәпір есін жиып, әлденген соң өз жөніне кетеді.

        

Ал, аштық пен кенесесі кепкен, шөлдеп

өлуге шақ тұрған үй иесі тыстан ат 

тұяғының дүбірін естиді. Үйге судай қаруланған бірнеше адам кіріп

келеді.

Киімдеріне қарағанда патшаның нөкерлері сияқты. Олар «Бұл маңда Ахмет деген

кісінің үйі бар ма екен?» деп сұрайды. Отағасы «Ахмет менмін. Бұл жерде

бізден өзге ешкім жоқ», дейді.

     

Нөкерлер «Біз осы аймақтың билеушісі

ханның адамдарымыз. Хан сізге есік алдында тұрған сыйлықты жеткізуді

бұйырды», дейді.

Аң – таң болған үй иесі тысқа шықса

есік алдында жүк тиелген 10 түйе, 5 жылқы байлаулы тұрған екен.

     

Таң – тамаша болған отағасы  «Бұны ол не үшін тарту етті?», деп сұрайды.

Нөкерлер «Біздің патша тұтқыннан

қашып келе жатқанда су беріп, өлім аузынан алып қалғаныңыз үшін

тарту етті», деп жауап беріпті.

Талқылануға берілген сұрақтар:

1. Мәтіндегі отбасының  жағдайы

туралы не айтуға болады?

2.Басына іс  түскен адамға қалай көмек берді?

3.Шыдамдылықтың арқасында қандай сый  - сияпатқа ие болды?

4.Хан бұл отбасының қандай қасиетіне тәнті болып, ризашылығын айтты деп ойлайсыздар?

5.Осы әңгімеден қандай ой  түйдіңіздер?  

Мұғалімнің  сыйы

 

 

 

 

Балалардың жауаптарына

сүйене отырып қорытындылаймын

 

6. Сергіту сәті

Шаршадым

«УФ!» дедім,

Ренжідім

«ТУФ!» дедім,

Қорықтым

«ОЙ!» дедім,

Өкіндім

«АХ!» дедім,

Шарасыз

«ЕХ!»дедім,

Таңырқап

«О!» дедім,

Кейідім

«И!» дедім,

Біліп

ап «Е!» дедім,

Қуанып

«ХА-ХА-ХА !» дедім.

 

 

7. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 Оқушыларға

«Тәубеңе кел» видео ролик көрсетіледі.

  Оқушылар үш топқа бөлінеді.

 

1-топқа      Сабырлық дегеніміз........

 Сабырлық маған не үйретті?

Тақырыбында

сурет

салып,қорғау арқылы  

оқушылар

өз ойларын жеткізеді

2-топқа  

Ұстамдылық  дегеніміз.........................

  

Ұстамдылық маған не үйретті?

Тақырыбында постер қорғау арқылы  оқушылар өз ойларын жеткізеді

3-топқа  

Сахналау    Сабырсыз

А.Естенов

Еркелетіп жалғызын,

Ас қойды анасы алдына.

Күйдіріп ап аузын,

Сабырсыз ұл салды лаң.

Жау қуғандай аптықты,

Суығанша шыдамай.

Анасына шаптықты:

«Неге ыстық,-деп,-бұл қалай?..»

 Білетұғын ондайын

Айтты сонда анасы:

«Осы болар әрдайым

Сабырсыздық жазасы!».

(Өлең оқылады, екі оқушы өлеңдегі ана мен баланың іс-әрекетін, көріністүрінде

көрсетеді). 4минут

сахналау

арқылы оқушылар өз ойларын

жеткізеді.           

 

 8.    Топпен ән айту

«Көңілді   күн» 

Ұ. Жолдасов- А. Дүйсенбі 

Теріп едік жемісін сезім бақтың, 

Сыйластықтың алауын өзің жақтың. 

Сенің думан тойыңның әнін естіп, 

Есігіңді шыдамай өзім қақтым. 

Қ-сы: 

Бүгін қандай тамаша 

Көңілді күн 3-рет 

Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

Бақытты бол, жан досым. 

2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп, 

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп. 

Есігіңнен мен кіріп келгенімде 

Қуандың ау балаша мені көріп. 

Қ-сы: 

Бүгін қандай тамаша 

Көңілді күн 3-рет 

Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

Бақытты бол, жан досым! 

 

 

9.Үй

тапсырмасы.

1. «Адал бала» корей

ертегісін оқып келу, мазмұндау

2. Дәптермен жұмыс №3 тапсырма 46 бет мына

криптограмманы дұрыс шешсең, «Сабыр» туралы мақалды оқуға болады.

 

 

10. Сабақтың қорытынды сәті

 Алтыншы

қымбат нәрсе сабыр деген,

Сабырлы адам мұратын табар деген.

Әр істе сабырсыздық түбі – қорлық,

Сабырсыздық басқа бәле салар деген...

                                              А. Мұхамедиярұлы

Балалар

бүгінгі үйренген жақсы қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, жүрегімізде

сақтайық!

 

 

  Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

стикерлерге жазып түсінік ағашына ілді.

 

 

Просмотров: 1311


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст