Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ десе, жас жеткіншектерге терең білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бастауыш сыныпта бір ғана мұғалімге, бір талапқа үйренген бала бірден бірнеше мұғалімнің талабына жауап бере алмай қиналады. Бастауыш сынып бітірген оқушы орта буынға өткенде психологиялық қиындықтарды сезінеді. Бірінші сынып оқушысына психологиялық қиындықтың түсуін жақсы білеміз. Ал, бесінші сыныпта жаңадан орта буынға өткен балалармен ондай жұмыс түрлері баяу өтеді. Бастауыш сынып оқушылары бір мұғалімнің жұмыс істеу әдісіне, оның талаптарына үйренген. Олар өз мұғалімінің жарты сөзінен-ақ ұғынады. Оқушылар орта буында көптеген мұғалімдермен кездеседі, әртүрлі талап, әдістерге тез арада үйрене алмай қиналады. Кейде мұғалімнің сөйлеуі де әсер етеді. Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп, тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әрі мұғаліміне) бірден үйренісе алмай, оқу үлгерімі де төмендейтіні белгілі. Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін береді. Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір құрылымының үйлесімділігі. Жас талды қалай исең солай өседі дейді халық даналығы. Дәл осы білім берудің бастауыш бөлігінде еліміздің келешек тұтқасын ұстайтын тұлғалардың мінез- құлқы мен жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Ал оның қалыптасуына ең бірінші ұстаз ықпал етеді. Қолына қалам ұстауды үйретуден бастап, әр үйдің еркелерімен жұмыс істеу, олардың саналық өсуін қадағалау, қалыптастыру ұстаз міндеті. Бастауыш сынып мұғалімінің арқалар жүгінің ауыр болатыны сондықтан. Бастауыш сыныпта мұғалім бала үшін ең беделді және негізгі тұлға. Бала өмірінде ол ерекше рөл атқарады, өйткені білім әлеміне жол ашатын алғашқы ұстазы. Егер бала мұғалімді жақсы көрсе, онда ол оқуды да, сабақты да, мектепті де жақсы көретіні анық.