Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Мерей тойға арналған іс-шаралар жалғастырылуда
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 18-20 ақпан аралығында «Мектеп тарихы – біздің тарихымыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мектеп тарихы туралы кеңінен түсіндіру, талқылау, мектептің ұстаздары, түлектері туралы мағлұмат беру.
Аса жауапкершілікпен дайындалған ұстаздар мен оқушылардың әр тәрбие сағаты қызықты, мазмұны жағынан терең болды.
1 «А», 5 «А», 10 «А» сыныптары мектептің ұлағатты ұстазы – Усенбаева Майра Жетпісбайқызын шақырды. Өнегелі ұстаз бастан өткен қызықты оқиғалар мен қиындыққа толы мезеттерге, мектептің гүлдену жолындағы мәселелерге тоқталып, мектеп тарихын кеңінен айтып берді.
6 «А» сыныбы мектеп өміріне еңбегін сіңірген тәжірибелі ұстаз – Суменова Нуржамал Каражигитовнаны шақырып, тамаша сезімге бөленді. Зейнеткер ұстаз еңбек жолындағы кездескен қиындықтар мен қызықтарға тоқталып, мектепке деген ыстық ықыласымен бөлісті.
11 «А» сынып оқушылары туған мектебінде қазіргі уақытта еңбек етіп жүрген ұстаздарды: Сулейменова Роза Аягановна, Турлыбекова Тлектес Кабиденовна, Омарова Асемгуль Бакировнаны шақырып, өткен күндерге шолу жасап, мектеп тарихы туралы ой қозғады. Сабақ соңында мектептің 40-шы түлектері, алтын ұя мектебіне тамаша өлең жолдарын тарту етті.
8 «А», 8 «Ә» сыныптары технология пәнінің мұғалімі – Турлыбекова Тлектес Кабиденовнаны шақырып, қызыққа толы шақтарына саяхат жасап, қойылған сұрақтарына мазмұнды жауап алып, пікірлерімен бөлісті.
2 «А», 3 «А», 7 «А», 9 «А» сыныптары мектеп тарихы туралы мәліметтерді
зерттеп, түйіндемелерін жасап, алтын ұя мектептерін мерей тойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.