«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

17.02.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Ақпан 15 күні дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында мектеп кітапханада әдеби кеш өтті.

Кештің мақсаты: Оқушыларға қазақтың біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, өлеңді мәнерлеп жатқа оқыту. Жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту. Оқушыларды поэзияны сүйе отырып, ақын жырларынан үлгі алуға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Кештің барысында оқушылар ақынның өлең жырларын жатқа айтып, әндерін тамылжыта орындады. Кешке 5-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар арасынан Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін сүйіп оқитын оқушылар сахна төріне шығап өлеңдерін оқыды. Атап айтсам; Ахмет Камила, Серикпаева Динара, Көкеш Диана, Көпжасар Ерасыл, Шахманова Мейрамгул, Рамазан Мадина, Балқожа Илияс, Тулеубаева Саина, Карашина Наргиз, Амангелдинов Адилжан, Ерменбаев Жандос, Серикпаева Сымбат, Хамит Аяулым, Қайролла Ардақ, Аканова Меруерт ақынның өлең жолдарын нақышына келтіре мәнерлеп орындады. Сонымен қатар ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді қойылды. Сахналық көріністе ана рөлінде Хамит Аяулым, әке рөлінде Казезов Бақытбек, шалдың рөлінде Тоқмурзин Санжар, аққулар рөлінде Ибрашева Жасмина, Кажымуратова Асем, автордың рөлінде Қажымуратова Айым орындады. Сонымен қатар ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа арнау өлең жолдарын Ибрашева Жасмина, Ұлан Ақбота, Биболов Алтынбек оқыды.

Кеш соңында оқушыларға Мұқағали Мақатаев жайлы видео репортаж және кітап көрмесі көрсетілді. Оқушыларға ақынның кітаптары насихатталды.

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст