«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

География пәнін өтуде жаңа оқыту технологияларының маңызы

15.02.2017

География пәнін өтуде жаңа оқыту технологияларының маңызы

Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады.     К.Д.Ушинский

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Заманауи технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Білім берудегі жаңа технологиялар ұғымы АҚШ-та 40-жылдары пайда болды. Алғашқы кезде ол жаңа техникалық құрал жабдықтарды (инженерлік ақыл-ойдың жетістіктерін) оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мағанасында қолданылып жүрді. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру болып табылады. Оның алдына қойған негізгі мақсаты: адамдардың өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау;  адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау; оқушыладың жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру, жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету.

Қазіргі таңда біз Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің ұзтаздарын жоғары санатты Саутбаева А. Б., Садвақасова Г.С. жетекшілік етіп, екі топқа бөліп оқытып жатыр. Біз бұл курста жалпы білім беру жүйесіне енгізілген:

- топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру;

- оқушының өзін-өзі тексеруі;

- оқушылардың бірін-бірі тексеруі;

- оқытудың модельді жүйесі;

- дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдануды үйретуде.

География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды еске сақтау үшін де қолданылады.  Көрнекілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы орнына  (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді бақылаған кезде  (мысалы, карта,  кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрлысын түсіндіру).  Көрнекілік оқушылардың жас ерекшілігін ескере отырып пайдаланылады.

Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі  маманды  қалыптастыруда мамандыққа  сай  білім алу  қаншалықты  өткір  мәселе  болса,  сонымен  қатар  «жеке  маман  тұлғаны»  өзіндік  дамытуда  оны  шығармашылықпен  терең  іргетасын  дайындау  соншалықты  алғы шарт.

Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын  деңгейге жеткізу.   Соңғы кезде мектеп оқушыларының оқу пәндеріне деген қызығушылығы мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты біршама төмендеп барады. Оқушы мұғалімнің сабақ кезінде берген материалдарын түсініп, келесі сабақта ең үлгірімі нашар оқушының білімі «үш» — деген бағаға сай келу керек екендігін өмір дәлелдеп отыр.  Үлгерімі нашар оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу үшін сабақ кезінде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас байланысы болу қажет.  Сабақ кезінде әр оқушы пән мұғалімімен бірге сабақта берілетін материалдарды бірлесіп талқылап, тұжырымдап, қорытындылап және кейбір жағдайда мұғалімнің айтайын деген ойын әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткен кезде ғана тақырыптың негізгі мазмұны түсінікті болуы мүмкін. Мұғалім мен оқушылардың байланысы 45 минут ішінде үзілмеуі  баланың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттырады.  Оқу үрдісін мұндай деңгейге жеткізу үшін,  мұғалім өз ісінде ең жоғарғы шеберлігін көрсетіп, бар ынта-шынтысымен әр түрлі әдістерді қолдана отырып сабақ өткізуді қажет етеді.  Көп жағдайда сабақтың жақсы немесе нашар өтуі мұғалімнің ұйымдастыру кезеңін дұрыс,   біркелкі ретке келтірмегендігіне де байланысты.

Қазақстанда қазір білім берудің ұлттық моделін орнату жүріп жатыр.  Бұл процесс білім беру парадигмасының өзгеруімен қатар жүріп жатыр (парадигма грек тілінен «мысал, үлгі»).  Теориялар мен әдістемелердің негізгі жетістіктерінің жүйесі үлгіге алына отырып білім және пән бойынша зерттеу практикасы ұйымдастырылуда.

Жалпы білім беретін мектептердегі жұмыс барысында болып жататын өзгерістер оқытуда, оқушылардың оқу әрекетінде де дәстүрлі түрлерін өзгертуді және жаңа түрлерін пайдалануды ұсынады. Бүгінгі күні теорияда және жұмыс практикасында оқыту-тәрбиелеу процесінің көптеген нұсқалары бар. Әрбір автор және орындаушы педагогикалық процесіне өзінің жеке ойларын, түзетулерін енгізеді. Соған байланысты әрбір нақты технология авторлық болып саналады.

Оқыту технологиялары -  жоспарлау,  жүйелеу әдісі. Оқытудың тиімді формаларына жету  үшін  адамдық және техникалық ресурстарды меңгеру керек және олардың өзара байланысын ескере отырып білімді процесте қолдана білу қажет. Оқыту технологиялары - оқыту мақсаттары тиімді іске асуын қамтамасыз етуі керек;  әрбір педагог кез келген білім беру мекемесінде пайдалана алатындай болу керек;  оқытудың жаңа технологияларының психологиялық мәні – оқыту үрдісін жоспарлау керек немесе оқыту психологиялық бағытталған болуы қажет.

Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді  технологиялардың бірі -  оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогикалық технологиялар болып табылады.  Бұл жағдайда оқу процесін  ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ өзгереді.  Оның өзгеруі мектептің білім беру тұжырымдамасымен байланысты.  Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу атмосферасы, оқушылармен қарым-қатынасындағы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі,  күнделікті, жалықтыратындай болмайды.

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст