«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандығым – мақтанышым

15.02.2017

«Мамандығым – мақтанышым»

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу- адамның асылдығы,

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, биші би билейді, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

«Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» -дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым – мақтанышым»- дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Мамандық- жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығына рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті , шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажает ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.

Менің мамандығым – тарих пәнінің мұғалімі. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты оқушы болып жүрген күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл — Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз. Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады. Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Төртінші, мұғалім әр оқушының мінез — құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет. Бұл сағаттар – ғибратты да әсерлі болуы тиіс – ақ. Қазіргі білім беру саласы қызыметкерлерінің алдында тұрғанн басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, сан ғасырлар тоғысында қол жеткізген бақыты – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесінде. Ендеше, осы мақсатта барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарайық, жаңа табыстарға жетейік, сіздерге әрқашан да шығармашылық табыстар тілейміз, береке- бірлігіміз жараса берсін аяулы да ұлағатты әріптестер.

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст