«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану-математикалық бірлестіктің 2016-2017 оқу жылындағы онкүндіктің есебі

09.02.2017

Жаратылыстану-математикалық бірлестіктің

2016-2017 оқу жылындағы

онкүндіктің есебі

2016-2017 оқу жылының 18.01-28.01 аралығында жаратылыстану-математика пәндерінің жоспарланған, мектеп әкімшілігінің келісімімен бекітілген «Формативтік бағалау және оның тиімділігі» атты онкүндігі өтті.

Онкүндіктің ашылуы жаратылыстану-математика пәндері бойынша «Білім патшалығына саяхат» атты іс-шарамен басталды. Жауыпты мұғалімдер: Оразбаева Б.М. және Шаймерденова Г.М. 5-11-сыныптардың оқушыларын жинап, ойын ережелерімен таныстырды. Онкүндіктің ашылуының мақсаты - «Хан сарайына жету» болды. Бұл сарайға жеткенше оқушылар 5 патшалықтан тапсырмаларды орындап, сынақтан өтеді, онымен қатар жетон жинайды. Олар: «Физика патшалығы», «Математика патшалығы», «Биология патшалығы», «Химия патшалығы», «География патшалығы». Осы патшалықтардан шыққан соң «Хан сарайында» әр сыныптың білімдері қорытындыланды. Хан үкімі бойынша жеңімпаз сыныптар марапатталды: ең бірінші «Хан сарайына» жетіп және ең көп жетон жинап, тәтті сыйлықты ұтып алғандар 5-сынып - «Әйгілі жеңімпаз», 8-сынып - «Зерек сынып», 6-сынып - «Білгір сынып» номинациясымен марапатталды. Оқушыларға сайыс өте ұнады, олар жақсы көңіл күйімен берілген тапсырмаларды орындап, кабинеттерді аралап жүрді.

18 - 26 қаңтар аралығында қазақстандық интернет-олимпиаданың графигіне сәйкес 8-11-сыныптар арасында биология және химия пәндері бойынша 15 оқушы I турға қатысты (мұғалім Саутбаева А.Б.). I турдың нәтижелері бойынша 14 оқушы II турға қатысты. II турдың нәтижелері 9 ақпаннан кейін белгілі болады.

Осы онкүндік барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар, түрлі сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Өткізілген сабақтар мен іс-шаралар толығымен мектеп және әдістемелік бірлестігінің тақырыбына сәйкес өтті.

20-қаңтарда Сулеймэн Е. басшылығымен 5-сыныпқа арналған «Менің отбасым және математика» сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараға сыныптан ата-аналар мен балалардан 3 топ құрылды, олар: Қажимуратовтар, Варанкиндер, Ахметовтар отбасылары. Ойын барысында топтар мынадай қызықты сайыстарға қатысты: «Таныстыру», «Әзіл сұрақтары», «Бәрі бір әріптен тұрады», «Шығарма сайысы», «Топ мүшелерінің сайысы», «Отбасылық сайысы». Жеңіске жеткен отбасылар диплом және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара барлығына өте ұнады.

26-қаңтарда Сулеймэн Е. «Не? Қайда? Қашан?» атты сайысты 10-11-сыныптар және жас мұғалімдер арасында өткізді. Қызықты таластан кейін оқушылардан құралған «Жігіттер» тобы жеңіске жетті. Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Оқушыларға іс-шара өте ұнады, сондықтан осындай шараларды мектепте жиі өткізу керектігі ұсыналды.

21-қаңтарда 8 «А» және «Ә» сыныптарға арналған «Ойшылдар мен тапқырлар» атты тақырыпқа физикадан тыс іс-шара Оразбаева Б. М. өткізді.

23-қаңтарда 11-сыныбында Уалханов Н.Б. «Америка Құрама Штаттары» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылысы жақсы жоспарланған, сабақта жас мұғалім тренинг сабақтарынан алған жаңа технологияларды пайдаланды. Сабақ тақырыбы бағдарламаға сәйкес келді, бірақ оқушылар еңжар болып, сабаққа аз қатысты.

24-қаңтарда 11-сыныбында Сулеймэн Е. «Көрсеткіш теңдеулер» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылысы жақсы жоспарланған, сабақта мұғалім жаңа технологияларға сәйкес, оқушылар көп жұмыстар істеді. Мұғалім алдына қойған мақсатына жете білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

24-қаңтарда 8 «Ә» сыныбында Оразбаева Б. М. Блум таксономиясы бойынша «Ток күші. Амперметр» ашық сабағын өткізді. Сабақтың құрылысы жақсы жоспарланған, жаңа форматты сабақ болды, сабақта мұғалім тренинг кезінінде алған машықтарды пайдаланды. Сабақ тақырыбы бағдарламаға сәйкес келді, оқушылар сабақта жаңа тақырыпты ізденіп, зертханалық жұмыспен бекітіп, есептер шығарды. Мұғалім мақсатына жетті.

Саутбаева А.Б. және Сулеймен Е. 27-қаңтарда «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегиялары» атты оқыту семинар-коучинг өткізді. Коучингқа мұғалімдер белсене қатысты, рефлексия бойынша өз пікірлермен бөлісті.

11-сыныпта Саутбаева А. Б. биология пәнінен «Мезозой заманыңдағы тіршіліктің дамуы» атты ашық сабақты өткізді. Сабақтың құрылысы жақсы жоспарланып, сабақта мұғалім жаңа технологиялар пайдаланды, оқушылар топтық, жеке жұмыс арқылы көп жұмыс істеп, сабақ тақырыбын жақсы меңгерді. Мұғалім алдына қойған мақсатына жетті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

27-қаңтар күні 8-11-сыныптарға арналған «Химия және денсаулық» сыныптан тыс іс-шараны Саутбаева А. Б. өткізді. Мұғалім оқушылардың танымдылық қабілеттерін дамытуда барлық әдіс-тәсілдерді қолданып, мақсатына жете білді. Карина Алтын I орынға ие болды. Сайыс оқушыларға және көрермендерге ұнады.

Уалханов Н. Б. және Идрисов Е. К. 8-11 сыныптарға арналған «Менің сүйікті кітабым» атты III-ші мектепішілік ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырды. Конференцияға 8-11-сынып оқушылар математика, биология, физика, химия, география пәндерінен ең жақсы көретін кітаптар туралы айтып, баяндамалар мен слайдтарды дайындап қорғады. Мектепішілік конференцияға белсенді қатысып, ие болған : Рамазан Мадина – 1 орын, Кажымуратова Айым – 2 орын, Бекмұрат Нұрболат – 3 орын. Белсенді қатысқан үшін Газизова Ажар, Жандарбеков Мирас, Нурбекова Назгуль марапатталды.

28-қаңтарда 5-сыныбында Идрисов Е.К. «Графикалық редактордың сурет салу құралдары» атты ашық сабақты өткізді. Сабақтың тақырыбы бағдарламаға сәйкес, оқушылар компьютермен жұмыс істей білді: шығармашылық жұмыстың нәтижесінде әдемі суреттер салды.

28-қаңтар күні онкүндіктің жабылу рәсімі өткізіліп, онкүндіктің барысында белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Жалпы айтқанда, онкүндіктің ішінде ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, коучинг-семинары, оқушыларға арналған конференция өтті. Отырыстың шешімі бойынша: ең үздік сабақтар Саутбаева А.Б., Сулеймэн Е. өткізді. Онкүндік жауапкершілігімен өтті, жылдан жылға деңгейі көтеріліп келеді. Біздің әдістемелік бірлестіктің мұғалімдердің ынтасына және қызығушылығына ерекше тоқталуға болады, себебі әдістемелік бірлестіктің ішінде тек екі мұғалім деңгейлік курсты өтті, бірақ барлық мұғалімдер онкүндіктің ішінде ашық сабақтарды жоғары деңгейде өткізіп, онкүндікке белсене қатысты.

Просмотров: 1111


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст