«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылуы

06.02.2017

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты жайлы ақпарат

Дене тәрбиесі және эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі 6-16 ақпан аралығында өтеді. Онкүндіктің «Өнері мен спорты дамыған елдің өрісі кең» тақырыбында ашылу салтанаты 6 ақпан күні өтті. Ашылу салтанатында іс-шараны жүргізушілердің арасында шағын көрініс қойылып отырып, сол әдістемелік бірлестігінің пәндері жайлы айтылып таныстырылды.

Сонымен қатар 6 сынып оқушылары тақпақтар оқып, 8 сынып оқушысы Нұрлан Нүрбек ән айтты. Мектебіміздің «Гүлдер-ай» тобы гимнастикалық бимен осы ашылу салтанатын тәмәмдады.

Оқушыларға арналған шағын кітап және қолөнер көрмесі қойылды. Көрмеге оқушылардың қолынан жасалған бұйымдар қойылды. Эстетикалық пәндерге арналған кітаптар қойылып оқушыларға таныстырылды.

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст