Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы
Қима орта мектеп
География әлеміне саяхат
(сыныптан тыс сабақ)
Өткізген: география пәні
мұғалімі Уалханов Н.Б.
ЖаңаҚима, 2017жыл
«География әлеміне саяхат» топтық сайысы
Мақсаты:
1. Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын
арқылы арттыру. Шапшаңдық, ойлау, тапқырлық қасиеттерін дамыту. Ұжымшылдыққа,
ұқыптылыққа, ойын айта білуге үйрету.
2.Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің
дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
3.
Оқушының пәнге қызығуын ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшысын
анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Көрнекілік құралдар: Интерактивті
тақта, атлас, кескіндемелер.
Сабақ әдісі: Сайыс сабақ
8
«А» - сынып оқушылары –
8 «Ә» - сынып оқушылары –
География
пәні-өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық-жер бетін, планетамызды,
табиғатты, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануарлар дүниесін, жер бедерін,
байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың
тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. География пәнінің және бір
ерекшелігі-оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әртүрлі
суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар
аударылады. Олай болса, осы мектептің 8 сынып оқушылары арасында «География
әлеміне саяхат» айдарымен ұйымдастырылған географиялық интеллектуальды
сайысымызды бастаймыз.
Біреу озса
сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей
тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы
ежелден –жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол еңбектену, жалықпау
Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
Барысы:
І
кезең. «Кім
жылдам»
ІІ
кезең. «Ең, ең
…»
ІІІ
кезең. «Логикалық
сұрақтар»
ІV
кезең. «Картамен жұмыс».
V
кезең. «Елтану».
VІ
кезең. «Суретті таны».
VІІ
кезең. «Ізден тап ойыны»
1-ші
кезең «Кім жылдам»
(сұрақтарға жауап беру)
1.
Қазақстанның алғашқы конституциясы қашан қабылданды?
2.
Қазақстанның қазіргі конституциясы қашан қабылданды?
3.
Қазақстанның биік таулы өлкелерін ата?
4.
Қазақстанның аласа таулы өлкелерін ата?
5.
Қазақстанның ең көп шекарасы қай елмен көп шектеседі?
6.
Қазақстан Каспий теңізі арқылы қай елдермен шектеседі?
7.
Қазақстанда қанша қала бар?
8.
Қазақстанда қанша ауыл бар?
9.
Қазақтың тұңғыш географ
ғалымы?
10.
Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті?
11.
Қазақстан жер көлемі Франция жерінен қанша есе үлкен?
12.
Қазақстан жер көлемі Италия жерінен қанша есе үлкен?
13.
Қазақстан алтын қоры жөнінен нешінші орында?
14.
Қазақстан уран өндіруден д.ж.де нешінші орында?
15.
Қазақстанда қанша өзен бар?
16.
Қазақстанда қанша өзен бар?
2-ші кезеңде «Ең, ең …»
1-топ.
1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)
2. Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)
3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)
4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)
5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)
6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)
7. Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000
км)
8. Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)
9. Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620
м)
10. Әлемдегі ең үлкен арал-Гренландия (2 млн 176 мың
км²)Солтүстік
11. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі–Флинт-Мамонт (500 км)
12. Әлемдегі ең биік ағаш-Секвойя (100 м)
13. Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)
14 Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м).
15. Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка
2-топ:
1. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)
2. Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі (7,5 тонна)
3. .Африкадағы ең ірі көл-Виктория (68 мың км²)
4. Әлемдегі ең кіші материк-Аустралия (биіктігі 215 м)
5. Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)
6. Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)
7. Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)
8. Әлемдегі ең ыстық планета-Шолпан (462°C)
9. Әлемдегі ең суық планета-Плутон (-235°C)
10. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)
11. Солт. Америкадағы ең үлкен ел-Канада (9млн 970 мың км²)
12. Әлемдегі ең ұзын ел-Чили (4300
км)
13. . Әлемдегі ең кіші мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит
14. . Әлемдегі ең жылы қуатты ағыс-Гольфстрим
15. Әлемдегі ең тұзды теңіз-Қызыл теңіз
3-ші кезеңде «Логикалық сұрақтар»
1. Сіздер
бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл
табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге
«Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және
адамдар не деп жауап берді?
Жауабы: Аустралия материгі. Жергілікте халық тілінде «Кенгуру» сөзі
«түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.
2. Ресейде
шаруалар бұл өсімдікті «шайтанның алмасы» деп атады. Тіпті оны ХІХ ғ оны
көбейтуге бүлік те шығарған.
Жауабы: Картоп
3. Африкада
жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде
Сахара шөлінде ме?
4. Адамнан
телефоны көп қала - Вашингтон
5. Саяхатшылар алғаш рет бұл
жерге келгенде егістік алқабында биіктігі бір метрден асатын, жапырақтары
«күмістен», жемістері «алтыннан» тұратын таңғажайып өсімдікті көрді. Бұл қай
материк және қандай өсімдік еді?
Жауабы: Оңтүстік Америка. Жүгері өсімдігі.
6. Сіздер бұл материкте оқымысты ғылым
қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми
институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон-үйлерде тұрады. Бұл қай
материк және қай халық?
Жауабы: Антарктида материгі және зерттеушілер.
7. Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын
жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.
8. Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік – құмырсқа.
4-шы кезеңде
«Картамен жұмыс».
1. Еуропадан Австралияға келе жатқан кемеде өрт
болды. Кеме координаты 80° ш.б пен
40° о.е еді. Кемеге көмекке бару үшін, ол қай жерде екенін анықтаңыз.
2. Теңізшілер ішінде хаты бар шөлмек тауып алды. Апатқа ұшырағандар көмек
сұраған. Шөлмекке кірген су кейбір әріптер мен сандарды өшіріп жіберген, онда
тек 42 о.е. және 173 ш.б. Жаңа ...... аралы деген үзінділер
қалған. Кеме қай жерде апатқа ұшыраған?
3. Аустралия материгінің солтүстіктен оңтүстікке,
батыстан шығысқа қанша км екенін анықта.
4. Африка материгінің солтүстіктен оңтүстікке,
батыстан шығысқа қанша км екенін анықта.
5-ші кезең: Елтану
1. Өзбекстанның астанасы? 1. Қырғызстанның
астанасы?
2. АҚШ астанасы? 2. Ұлыбританияның астанасы?
3. Ресейдің астанасы? 3.
Үндістанның астанасы?
4. Жапонияның астанасы? 4. Францияның астанасы?
5. Қытайдың астанасы? 5. Италияның астанасы?
6. Мексиканың астанасы? 6. Канаданың астанасы?
7. Испания астанасы? 7. Португалия
астанасы?
8. Бразилия астанасы? 8. Аустралия астанасы?
6-ші кезең: «Суретті таны» ойыны
7-ші кезең: Ізден тап ойыны
Глобус Карта Термометр Планета Атлас
Қарандаш
Қорытынды: Әділқазы алқаларына сөз беріп, қорытындысын шығару.