Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
«Есірткі - жас өмірді улаушы»
Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінде 27-қаңтар күні 7 «А» сыныбында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Есірткі – жас өмірді улаушы» сыныптан тыс шара өткізілді.
Мақсаты: құқықбұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, оқушылардың бос уақытын тиімді жоспарлауға бағыт беру.
Шара барысында мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Омарова А.Б. есірткі туралы мазмұнды ақпарат беріп, бейнетүсірілім көрсетіп, өмірде болатын жағдайларды мысал ретінде келтіріп, түйіндеме жасады. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, есірткі пайдаланудың себептерін, белгілерін айқын ажыратып, есірткі - ғасыр дерті екені туралы айтып, тәуелсіз Қазақстанның жастары атынан тек салауатты өмір салтын ұстанатын, жат қылықтардан аулақ болатын білімді, тәрбиелі ұрпақ болатындарына сенімдерін білдірді.
Олай болса, егеменді еліміздің жастары көзі ашық, көкірегі ояу, рухы биік тұлға болуларына тілектеспіз!