«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабаққа өзіндік талдау жасау

27.01.2017

Сабаққа өзіндік талдау жасау.

Мектепте жаратылыстану-математика онкүндігі өтіп жатыр. Жас мамандар сабақтарын өткізіп, талдау жасауда мәселелер болды. Туындалған мәселелерді шешу жолдарының бірі – сабаққа өзіндік талдаудың үлгісін беру. Тәжірибелі ұстаз ретінде төмендегі үлгіні ұсынамын.

Шығармашыл мұғалім – бұл бірінші кезекте жоғары педагогикалық мәдени адам. Бұндай мәдениеттің бір түрі – аналитикалық шеберлілік. Өз қызметіңді талдай білу – әр адамның маңызды қасиеті, шығармашыл ұстаз үшін де бұл өте маңызды. Ұстаз өз қызметін талдай білу керек, бірінші кезекте сабағын.

Талдау неден құрылады?

Сабақ барысында оқушы нені білуі және не нәрсені үйренуі керек еді?

Мұғалім оны қалай өткізеді? (әдісін және әрекетін айту)

Содан кейін мұғалім мен қатысушы сабақты талдайды, бағалайды.

Сабақ элементтері төмендегі критерийлермен бағаланады (үлгісі).

Сабақтың құрылымын бағалау:

- гигиеналық талабы, мұғалімнің сабақтың сабақ кестесіндегі орнын, апта күндерін, жыл мезгілін, балалардың шаршау немесе қозғалу деңгейін бағалайды,

- сабақтың тақырыбының бағдарлама бойынша тараудағы өзара байланысын,

- сабақ мақсатының –типінің-құрылымының сәйкестігін.

Мақсат қою мен оқу үрдісінің мотивациясын:

- мұғалімнің сабақ мақсаты мен үш міндетінің бірлігін,

-оқушылардың алдында мақсатын қоя білуі,

- мақсатының, міндетінің сабақтың кезеңдері мен мазмұнына сәйкестігін,

- сабақ үстінде оқылатын материалдың маңыздылығын, өміршеңдігін анықтау,

-оқушылардың оң мотивациясы,

- сабақ үстінде жетістік жағдаяты, оқушының өзін-өзі бағалауының сақталуы,

- оқушының белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамытудағы іс-әрекетін бағалау тиімділігі.

Білім беру мазмұнын бағалау:

- ғылымилығы, қолжетімділігі және оқылатын материалдың меңгеруге мүмкінділігі,

- оқу ақпаратының жаңашылдығы, өзектілігі және тартымдылығы,

-сабақ компоненттернінің тиімді жиналуы (оқу материалы, бекіту, қайталауы, өз бетінше жұмысы және т.б.)

-сабақ кезеңдері арасындағы логикалық байланыстың негізделуі,

-сабақты қорытындылауы, оқушы іс-әрекетін талдауы,

-үй тапсырмасы (әдісі мен көлемі), тапсырмалардың ізденушілік бағытының болуы,

- сабақ уақытын ұтымды пайдалануы, жұмыс темпінің тиімділігі.

Просмотров: 789


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст