Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында
сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері
Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:
Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:
Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:
Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:
Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.
Менің отбасым және математика
Жаратылыстану- математика бағыты бойынша онкүндік аясында 5 «А» сыныбында «Менің отбасым және математика» сыныптан тыс ойын-сайыс өткізілді. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге үш топ болып қатысты. Ол отбасылар: Ахметовтар, Кажимуратовтар және Варанкиндер. Сыныптан әр отбасына көмекші ретінде төрт оқушыдан қатысты.
Сайыста 6 кезең жоспарланды . Бірінші кезең «Әзіл сұрақтар», топтарға кезекпен сұрақтар қойылды. Екінші кезеңде «Бәрі бір әріптен» сайысы өткізілді . Топтарға «Т» әрпінен басталатын математикалық терминдер жазу ұсынылды. Отбасылар және көмекші топ болып бұл кезеңге бар білімдерін ортаға салды. Үшінші кезең - «Шығарма сайысы». Отбасының балалары шығармаларын оқып, үйден әзірлеп алып келген отбасы туралы буклет, шығарма, газет, суреттерімен таныстырды. Төртінші кезеңде «Топ мүшелерінің сайысы» болды. Топ мүшелеріне жеке тапсырмалар ұсынылды. Әкелерге шырпыдан шаршы, ал аналарға тоқитын сымнан үшбұрыш құрастыру, балаларына - танграм адамның , жануардың суреттерін салу, көмекші топқа ребусты шешу тапсырылды. Топ мүшелері тапсырмаларын жауапкершілікпен, қызығушылықпен сапалы орындауға тырысты. Бесінші кезең «Отбасылық сайысқа» отбасы әкесі, анасы, баласы қатысты. Мұнда мектепке, оқуға, математикаға қатысты анықтамалар берілді. Анықтамалар бойынша қандай сөз берілгенін шешті. Соңғы кезең топ басшылары әкелердің сайысы болды. «Кім жылдам» кезеңінде викториналық сұрақтар қойылды.
Сайыстың қорытындысын хабарлағанға дейін сынып оқушылары «Менің отбасым және математика» атты шығармаларын оқып берді, биледі. Әділ-қазылардың қорытындысы бойынша Варанкиндер отбасы сайыстың жеңімпазы атанды. Топтарға Мақтау грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Барлық ата-аналар, оқушылар математика пәнінен ткізілген сайысқа белсенді қатысып, алған әсерлерімен бөлісуде.
Сайыс жеңімпаздары