«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала "Үш айлық курстың берері мол"

07.01.2017

Мақала "Үш айлық курстың берері мол"

Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп отырған уақыт өткен буын заманына мүлдем ұқсамайды. Бұл ерекшелік бала болашағының, оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, бүкіл ғұмыр бойында өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты. Үш айлық (III) – деңгейлік курсқа барғанша бізге ол жерде не үйретеді екен деген көкейімде қызығушылық болды. Ол жерде Кембридж университетінің қолданған жаңаша оқыту әдіс - тәсілдерін үйрендік. Cабақ жоспарлары дәстүрліден өзгеше, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарлар жазуды үйрендік. Сабақ өткізу әдіс - тәсілдері де өзгеше.  

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір - біріне жақсы тілек тілеп болған соң, топқа бөлінеді. Топқа бөлінген соң топтық ережелер қүрастырылады және де сабақтың соңына дейін сол ережені оқушылар қатаң сақтайды. Сабақтың жүрісі де өзгеше, мұғалім сабақ түсіндірмейді, бағыт- бағдар береді, оқушы сол күнгі тақырыпты сыныпта өз бетінше үйреніп, тобымен ақылдасып, ұйымшылдықпен білгенін бір - біріне үйретіп, содан нәтиже шығарып, постер қорғайды. Бұл жерде білім беру мен қатар тәрбие жүреді. Баланы сабақ кезеңінде ұйымшылдыққа, бір - бірінің айтқанын тыңдауға, әдептілікке, көпшілдікке баулимыз. Бала өз ойын еркін жеткізіп, партада қадалып отырмай, қайта - қайта топқа бөлініп, барлық уақытта қозғалыста болады, ойын ойнайды, бірін - бірі бағалап, бағалау парақшасын қолданады. Сабақтан алған әсерін стикерге жазып кері байланыс жасайды, мұғалім сол кері байланыстан нәтиже шығарып отырады. Бұл жаңаша әдіс- тәсілмен сабақтан тыс тәрбие, сынып сағаттарын өтуді ата - аналармен де бірге өткізіп көрдім. Оларға бұл тәсілдің ұнағандығын кері байланыс жасау арқылы білдім.

Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашыл тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін сабақта кең қолдану бүгінгі күннің талабы болып отыр. Ол үшін мұғалімде педагогикалық ұстаным мықты болу керек. Мен өзімнің педагогикалық еңбегімнің әр күнін, әр сағатын сапалы білім беруді, саналы тәрбиеге баулуды мақсат етіп қойдым. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болу, қайырымдылық, мейірімділік, рақымшыл болу, ата - ана қартайса оны бағып- қағу тәрбие негізі. Қазақ халқының қанына сіңген әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру ұстаздар қауымы мен ата - ананың міндеті. Сынып жетекшісі тәрбие арқылы баланың түрлі іс - әрекеттерін тиімді етіп, оның дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Қазіргі таңда мен жетекшілік ететін 3-сыныбымда «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру» мәселесі бойынша зерттеу жұмысымда өзгерістерді көріп қуанамын. Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы «Диалогтік оқыту» әдісін қолдана алады, өз ойларын еркін айтуға, басқа оқушылардың пікірін тыңдауға, жоғары деңгейлі сұрақтар қоюға, жұппен жұмыс жасауға, формативті бағалай алатын болды. Қоғамда ақпараттық технологиялар күннен күнге дамып өрістеп келеді. АКТ қолдану арқылы мен сабағымның дәстүрлі сабақтардан көптеген айырмашылығы бар екенін түсіндім. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Дәстүрлі сабақтарда көбінесе сыныптағы көшбасшы көп жағдайда мұғалім деп саналған. Сыныптағы көшбасшы – оқушылар болуы тиіс. Жеті модульдің тиімділігі, тізбектелген сабақтар жоспарындағы жаңа әдіс – тәсілдер пайдалану арқылы оқу үдерісінің айырмашылығын және оқушының білім-білік дағдыларына, ойлау қабілеттерінде, мысалдарды қандай деңгейде меңгере алатындығын, сабаққа деген қызығушылығы қалай артатыны жайлы өзгерістерді байқадым. Сыныбымда 12оқушы бар, оның 5-еуі ұл бала, 7-еуі қыз бала. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары, білімдері де әр түрлі. Әрине жақсылық жағына қарай көп бұрылуда. Сөз соңын Елбасымыздың нақыл сөздерімен аяқтағанды жөн көрдім:

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады»

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст