«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих бойынша семинар

19.12.2022

     Жақсы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 15 желтоқсан күні «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғ. Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-інде тарих  пәнінен  семинар өткізілді. Семинарға  аудан мектептерінен 24 тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинардың тақырыбы: «Тарих пәнін оқытудың жаңашыл, тиімді әдістері». Семинардың ашылу кезеңінде мектеп оқушылары қатысушыларға  тілектерін  өлең жолдарымен, әнмен, бимен жеткізіп, кіріспе сөзді әдіскер Ә.А.Мұратбекке берді. Семинар бағдарламасына сай ашық сабақтар: «ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы ғалымдардың дамытудағы жетістіктері» Ериков К. З., «Древние религиозные верования» Карибаев Ж. С., сабақтан тыс іс-шара «Интеллектуалды викторина» Оразалы Т. Ж., дөңгелек үстел «Дебаты: теория и практика» Отегенова Ж. Ж. өткізіліп, тарих пәнін өткізудің басты мақсаттардың бірі - оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер қолданылды. Мектеп мұражайы мен кітапханаға экскурсия жасалды.  Семинар соңында аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісі Асылбеков А. Ш. қорытынды жасады.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст