«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Губайдуллы Абдрахманова села Жана Кийма отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Жақсы ауданының білім беру ұйымдарында

сабақты тоқтату кезінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларының ұсынылатын көрсеткіштері

Төмендегі жағдайларда сабақ өткізу тоқтатылады:

Желдің жылдамдығы секундына кемінде 2 метр болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С;
  • 1-11 сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 350 С және одан төмен.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метр және одан жоғары болғанда:

  • 1-4-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 250 С;
  • 1-9-сынып оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 270 С;
  • 1-11 оқушылары үшін сыртқы ауа температурасы – 300 С және одан төмен.

Сабақтар қатты көктайғақ кезінде тоқтатылады:

  • 1-4 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 6-7 метр;
  • 1-9 сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына кемінде 8-9 метр;
  • 1-11сынып оқушылары үшін желдің жылдамдығы секундына 10 метр және одан жоғары.

Боран күшейген және көру мүмкіндігі қиындаған жағдайда 1-11 сынытарда сабақ тоқтатылады.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқушылардың семантикалық сферасының тұлғалық өзіндік даму құралы ретінде қалыптасуы» тақырыбындағы педагогикалық кеңес өткізілді.

08.01.2023

     2023 жылдың 4 қаңтар күні «Оқушылардың семантикалық сферасының тұлғалық өзіндік даму құралы ретінде қалыптасуы» тақырыбындағы педагогикалық кеңес педагогикалық шеберхана формасында өткізілді. Мақсаты: білім беру процесінде және сыныптан тыс уақытта оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру бойынша мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру. «Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру жолдары» тақырыбы бойынша директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Абдуалиева К. Е. баяндама жасады. Бастауыш сыныптарында, гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы пәндерді оқытудағы оқушылардың өзіндік білім алуын қалыптастыру мен дамыту бойынша жұмыстардың формалары мен әдістерін  Жуманова С. Е., Ериков К. З., Аканова А. Р. практикалық бөлімде мұғалімдермен жүргізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өзіндік білім алуын қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыстардың формалары мен әдістері» тақырыбында жүргізіп жатқан жұмыстары туралы инклюзивтік оқыту кабинетінің психологі Байжуманова М. ақпарат берді. Педагогикалық шеберхана соңында осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесін пысықтап, әдістемелік әзірлемелер дайындау ұсынылды.

Просмотров: 402


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст